Саясат • 19 Маусым, 2019

Серік Ахмет ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі Басшысының орынбасары болып тағайындалды

930 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

Серік Ахмет ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі Басшысының орынбасары болып тағайындалды

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің Өкімімен Ахмет Серік Әбжәліұлы ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі Басшысының орынбасары болып тағайындалды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Серік Ахмет 1961 жылы Қарағанды облысында туған. Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген.

Еңбек жолын 1978 жылы бастаған. Түрлі жылдары тарих және қоғамтану пәндерінің оқытушысы, Қазақстан ЛКЖО Қарағанды облыстық комитетінің хатшысы болды.  

1995-1997 жылдары — Қарағанды қ. Киров ауданы әкімінің орынбасары.

1997-1998 жылдары — Қарағанды облысы әкімі аппаратының Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі.

1998-2004 жылдары коммерциялық жұмыстармен айналысты.

2004-2006 жылдары ҚР Парламент Сенаты Төрағасының көмекшісі болды.

2006 жылы — ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі аппаратының басшысы.

2007-2008 жылдары «Нұр Отан» ХДП-ында Сараптамалық және жастар саясаты департаментінің директорының орынбасары, Орталық аппарат хатшысы болды.

2008-2011 жылдары — Ішкі саясат бөлімінің инспекторы; Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия Хатшылығының меңгерушісі – ҚР Президент Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімі секторының меңгерушісі болып жұмыс істеді.

2011-2013 жылдары ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі лауазымын атқарды.

2014 жылдан 2019 жыл аралығында ҚР Мемлекеттік хатшысының Хатшылығының меңгерушісі болды.