Аймақтар • 20 Маусым, 2019

Қостанайға «Пекин - Париж – 2019» халықаралық ретро автомобильдер шеруіне қатысушылар тоқтады

179 реткөрсетілді

Қостанай қаласының орталық алаңына «Пекин - Париж – 2019» халықаралық ретро автомобильдер шеруіне қатысушы 100 ескі машиналар келіп тоқтады.

 Олардың ең ескісі 1907 жылы, ең «жасы» 1977 жылы шығарылған. Машиналардың маркалары да түрлі-түрлі. Bentley, Lancia, Packard, Horch секілді және басқа да машиналарды қостанайлықтар мейілінше қызықтады. Осыдан жиырма шақты күн бұрын Пекиннен шыққан ретро автомобильдер шеруі биыл Қазақстанның үш қаласына тоқтады. Қазақстанға Алтай жағынан келіп кірген олар алдымен Павлодар қаласына, одан Нұр-Сұлтанға тоқтап, енді Қостанайға да жетті. Орталық алаңға алдымен кірген Buick маркалы машина зауыттан 1929 жылы шыққан екен. Дэвид Мейн оны 7 жыл бұрын Калифорниядан 25 мың долларға сатып алыпты. Әжептеуір үлкен машинаға екі адам ғана отырады. Доңғалағы ағаштан жасалған. Соның өзінде машина Пекиннен Қостанайға дейінгі 7 мың шақырымды сыр бермей жүріп келіпті.

– Менің машинама 90 жыл толды. Шерудің аяғына дейін жетемін деп ойлаймын. Маған ескі автомобильдер шеруі өте ұнады, көңілді келеміз,– дейді Дэвид. Шерудегі ең ескі транспорт Contal Motori Tricycle мотоцикл 1907 жылғы. Бірақ ретро шерудің үздік үштігінде екен.

– Ылғи энтузиастардың басын қосқан бұл ретро раллидің мақсаты машиналар ескі болса да, олардың шыдамдылығын сынау болатын. Біз бүгінге дейін тек даңғыл тас жолдармен ғана жүрген жоқпыз, таулы жерлерден де, Қазақстанның даласынан да өттік. Пекиннен шыққанда 30 елден қатысқан 120 машина болатын. Содан 20 машина сынып, шеруден шығып, жолда қалды. Қиналған сәттеріміз де болды. Бірақ шерудің қызығы да сол, қиындықтарға шыдай білу, – дейді ретро ралли ескі автомобильдер шеруін ұйымдастырушылардың бірі Таалай Назирдинов.

Ретро-раллиге қатысушылар Парижге дейін әлі 8 мың шақырымға жуық жол жүреді. Олар Қостанайдан кейін Ресейге өтеді, әрі қарай Еуропаға шығып, Парижге жетеді. Ретро көліктердің жеңімпазы да Парижге жеткен соң жария болады.

Қостанай

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Жетістік формуласы

Қоғам • Бүгін, 08:55

Сұрап алу – ұрлап алу емес

Қоғам • Бүгін, 08:42

Алыптар жайлы үш үзік сыр

Тарих • Бүгін, 08:35

Қостанайда киік мүсіні орнатылды

Аймақтар • 17 Тамыз, 2019

Ұқсас жаңалықтар