Руханият • 20 Маусым, 2019

Астанада Жұмабек Тәшеневке ескерткіш орнатылады

343 реткөрсетілді

Қазақтың қайраткер азаматы Жұмабек Тәшеневке еліміздің астанасында ескерткіш орнатылатын болды. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің депутаты, Nur Otan» партиясы фракциясының мүшесі Кәрібай Мұсырман өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды.


«Петропавл қаласында тұратын Солтүстік Қазақстан облысының құрметті азаматтары Жақсылық Ысқақов пен Болат Сағындықов, сондай-ақ Зейнолла Олжабаев, Таңат Сүгірбаев, Амангелді Кенжеғозинов, Ахметжан Қуантаев, Жангелді Тәжин және Сағындық Салмұрзин сынды белсенді ағаларымыз еліміздегі Президент сайлауы қарсаңында «Nur Otan» партиясынан ұсынылған кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың облыстық қоғамдық қабылдау бөлмесі арқылы Парламент Мәжілісінің депутаты ретінде маған хат жолдап, астанамыз Нұр-Сұлтан қаласында көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Жұмабек Тәшеневке ескерткіш орнатуға көмектесуімді сұраған еді.

Мен осы жөнінде Нұр-Сұлтан қаласының бұрынғы әкімі Бақыт Сұлтановқа хат жазып, халқымыз айрықша ардақ тұтатын тарихи тұлғаның дүниеге келгеніне келесі жылы 105 жыл толатындығын ескере отырып, оған астанада лайықты ескерткіш орнату мәселесін қарауын өтінген болатынмын.

Бүгін астана әкімінің орынбасары Ерлан Каналимов қол қойған ресми жауапты алып, қуанып отырмын. Қала әкімдігі Жұмабек Тәшеневке ескерткіш орнату үшін жер телімі және қаржы көзі қарастырылып жатқандығын хабарлапты»-деп жазды Кәрібай Мұсырман. Оның сөзіне қарағанда  қайраткерге арналған  ескерткіш Нұр-Сұлтан  қаласындағы Жұмабек Тәшенев көшесінің бойында орнатылады екен.

Ал қазақ жерінің бөлшектенуіне жол бермеген саясаткерге бірнеше жыл бұрын Петропавл қаласында ескерткіш орнатылған болатын.



 



Баннер
Соңғы жаңалықтар

Ең қысқа әңгіме. Данияр Саламат

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Ең қысқа әңгіме. Нұрболат Аманжол

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Ең қысқа әңгіме. Ерболат Қуатбек

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Нұрлыбектің домбырасы

Руханият • Кеше

«ХАТ ҚОРЖЫН»

Қазақстан • Кеше

Күлкі керуені

Руханият • Кеше

Қыз әулие

Руханият • Кеше

Қайталанбас қымыз дәмі

Қазақстан • Кеше

Рухани жаңғырған ауыл

Руханият • Кеше

Ұқсас жаңалықтар