20 Маусым, 2019

Алматыда жастар үшін тағы бір коворкинг-орталық ашылды

429 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Open Space қағидасы бойынша жаңа жастар орталығы бірнеше аймақтарға бөлінген, олар: IT station, 1000 әдебиетті кітапханасы бар Reading platform, семинарлар, тренингтер өтетін Meeting room және басқалары. Осының барлығына қаладағы белгілі меценаттар Әміржан Нәбиевтің, Вячеслав Банщиковтың және Қайыржан Мимикеновтың қолдауы арқасында қолжетті.

Алматыда жастар үшін тағы бір коворкинг-орталық ашылды

Алматы әкімі Бауыржан Байбек жастарға, олардың идеялары мен ұсыныстарына қолдау көрсету ел Президенті Қасым-Жомарт Токаевтың басты мақсаттарының бірі екенін атап өтті. Бұрындары мұндай қалалық коворкинг-орталықтар Алатау және Наурызбай аудандарында ашылып, жастар үшін шеберлік сыныптары, түрлі тренингтер, сырттан келген жастардың жұмысқа орналасуына қатысты кеңестер тұрақты түрде өткізіліп келеді. Бұдан өзге, Жамбыл атындағы жасөспірімдер кітапханасы жастардың зияткерлік орталық болып қайта құрылды. Бұрынғы трамвай депосының базасында жас алматылықтар үшін Лофт-орталықтың екінші кезеңі «Depo Evolution Park» ашу жоспарланған.

Елбасының Бес әлеуметтік бастамасы бойынша қалада 20 мың орынды 38 жатақхана салу жоспарланған. Қазірдің өзінде төрт жатақхана іске қосылды, жақын арада бесеуі ашылады. Екі жыл ішінде 200 жас отбасы «Алматы жастары» қалалық бағдарламасы бойынша пәтер алды. Кәсіби және техникалық білімге ерекше назар аударылуда. Бүгінгі күні 30 мыңнан астам жастар жұмысшы және сервистік мамандықтарды тегін алуда.

Бүгін жаңа коворкинг-орталықта «Nur Otan» партиясы қалалық филиалының төрағасы Бауыржан Байбек бірлестіктің жаңа мүшелеріне жаңа партия билеттерін тапсырды. Олардың арасында қазақ тілі клубының басшысы Марина Фалеева, Қазақстан мен Паралимпия ойындарының бірнеше дүркін чемпионы Азамат Оразбек, жас композитор Ғаламат Бейсеқожа, Сингапурдағы «Медицина саласындағы 100 стартап-жоба» жүлдегері Алина Ачилова, «L-Generation» жетекшісі Эдуард Ли, тележүргізуші Диана Скатова, «Арлан» театрының актері және панкратион бойынша ел чемпионы Шалқар Қудайберген бар


Алматы