Адалдар айқындалмақ
Жұма, 25 қаңтар 2013 7:28
Кеше Парламент Мәжілісінің бір топ депутаттары Астана қалалық ішкі істер департаментінде болып, құқық қорғау саласы бойынша «Қазақстан Республикасының заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңының жобасын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының көшпелі отырысына қатысты. Олардың арасында аталған жұмыс тобының жетекшісі, заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі Рамазан Сарпеков, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі Қайырбек Сүлейменов, Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Демеуов,
Жұма, 25 қаңтар 2013 7:28
Кеше Парламент Мәжілісінің бір топ депутаттары Астана қалалық ішкі істер департаментінде болып, құқық қорғау саласы бойынша «Қазақстан Республикасының заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңының жобасын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының көшпелі отырысына қатысты. Олардың арасында аталған жұмыс тобының жетекшісі, заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі Рамазан Сарпеков, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі Қайырбек Сүлейменов, Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Демеуов, Төтенше жағдайлар және Әділет министрлігі, Бас прокуратура мен Парламент Мәжілісі аппаратының қызметкерлері, сонымен қатар, бір топ мамандар болды.
Отырыста, негізінен, полиграфты құқықтық қолдану мәселесі талқыланды. Осы тақырып бойынша қатысушылардың көбі аталған құрылғыны қолдану барысындағы пікірлері мен ұсыныстарын білдірді. Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары, полиция генерал-майоры Марат Демеуов көшпелі мәжіліске қатысушылардың алдында сөз сөйлеп, Мемлекет басшысы мен қоғам құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне қылмыспен күресте, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау бойынша міндеттерді жүзеге асыруда жоғары талаптар қоятынын атап өтті. Ал елордалық полиция басшысы, генерал-майор Амантай Әубәкіров: «Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ІІМ алқа мәжілісінің кеңейтілген отырысында атап көрсеткендей, ішкі істер органдарына қызметкерлерді жұмысқа қабылдаған кезде полиграфты белсенді түрде қолдану қажет», деді. Осыған орай, бүгінде Астана қалалық ішкі істер департаменті жұмысқа қабылданатын үміткерлерді зерделеу үшін бірінші болып полиграфты қолдана бастады. Генерал-майор Амантай Әубәкіров қазір зерделеу жүргізудің нақты тактикасы жасалып, оның үміткерлерді ішкі істер органдарына қабылдау кезінде тиімді нәтиже беріп отырғанын жеткізді.
Сонымен қатар, полиграфолог-мамандарының жұмысы, полиграфты қолдану мәселесі мен болашағы жөнінде «Евразийская ассоциация полиграфологов» ұйымының төрағасы Сергей Ковалев кеңінен айтып берді. Ал талқылау аяқталғаннан кейін Астана қаласы ІІД-нің қызметкерлері барлық қатысушыларға арнап «Диана-04» психофизиологиялық кешенінің (құрылғы «ақиқат детекторы» ретінде танымал) жұмысын көрсетті.
Александр ТАСБОЛАТОВ,
«Егемен Қазақстан».