Саясат • 21 Маусым, 2019

Алматыда 30 жылдан кейін ашылатын «уақыт капсуласын» салды

336 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев келешек ұрпаққа арналған жолдауы бар «уақыт капсуласын» салды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты.

Алматыда 30 жылдан кейін ашылатын «уақыт капсуласын» салды

Қазақстанның Тұңғыш Президенті рәсімге қатысушылар алдында сөйлеген сөзінде қазақстандықтардың болашақ ұрпағы үшін бұл жолдаудың ерекше мәні бар екенін айтты.

– Тәуелсіздік жылдарында Қазақстанның бағындырған белестері аз емес. Аға буын бүгінгі жастардың бақытты өмір сүруі үшін біздің қандай қиын кезеңдерді бастан өткергенімізді жақсы біледі. Біз еліміздің игілігі үшін жұмыс істедік. Қазақстанды әлемге таныттық, – деді Елбасы. 

Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтардың қазіргі ұрпағының келешек өсіп-өркендеуі үшін зор мүмкіндіктері бар екенін атап өтті.

– Мен өз мақсатымызға қол жеткізгеніміз үшін өте қуаныштымын. Бұл капсула 30 жылдан кейін ашылады. Осы жылдар ішінде көп нәрсе болуы мүмкін. Бірақ, Қазақстан және оның азаматтары өз даму жолымен ілгерілеуін жалғастыра беретін болады, – деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.

Соңында Елбасы қазіргі жастардың Қазақстанды нығайтып, өркендету үшін еңбек ете беретініне сенім білдірді. 


 АЛМАТЫ