07 Ақпан, 2013

Қорғаушы ма, қорлаушы ма?

541 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Қорғаушы ма, қорлаушы ма?

Бейсенбі, 7 ақпан 2013 7:23

Әдетте біреуден зәбір көрген адам полицияға шағымданады. Өйткені, алдымен полиция ғана жәбірленушінің құқын қорғайды. Қылмыстың бетін ашады. Ал жұртшылық қорғаушы ретінде арқа сүйейтін полицейлердің өздері қорғансыз жанға зәбір көрсетіп, қорласа ше? Басқа бір бұзықтар әйел зорлады десе сенуге болар, ал полиция қызметкерлерінің дәл осындай арсыз іске баруын неге жоруға болады?

Жылыой аудандық ішкі істер бө­лі­мін­де учаскелік полиция инс­пек­тор­ларының көмекшісі болып қызмет ете­тін екі офицердің 34 жасқа енді тол­ған нәзік жанға зорлық жасағаны ел­дің жағасын ұстатып отыр. Олардың қа­сында тағы бір азамат болыпты. Осы үшеуі Құлсары қаласына уақытша тұ­ру­ға келген өзге өңір тұрғынын әуелі күш­теп зорлаған, одан соң басына пакет кигізіп, ен далаға апарып тастаған. Қазір, облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі, полиция полковнигі Гүлнәзира Мұхтарованың айтуынша, үш күдікті де қамауға алынып, тергеу ісі жүргізілуде. Тергеу барысында жәбірленуші өзіне зорлық көрсеткендерді таныған.
Осыған байланысты Ішкі істер министрінің орынбасары Амантай Күреңбеков Атырауда облыстық ішкі істер департаменті құрылымдарының басшылығымен жедел жиналыс өткізді. Онда Жылыой аудандық ішкі істер бөлімінің екі қызметкері жасаған ауыр қылмыстық іс сөз болды. Министрдің орынбасары Жылыой аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы Серік Ербөлековті қызметінен босатты. Сонымен бірге, оның орынбасарларының және басқа да басшылық қызметкерлерінің қыз­­­­­меттеріне сәйкестігі мәселесі көтерілді.
Әрине, кінәлілер жазасын алады. Оған дау жоқ. Алайда, енді ел-жұрт по­ли­цейлердің адам зорлау қылмысына қа­т­ы­суын ешқашан ұмытпайды. Бұдан бы­лай полиция қызметкерін көрсе, қор­ғаушы деп емес, зорлаушы деп теріс айналуы да ғажап емес. Шындығында да по­лиция қызметкерлері қорғаушыдан қорлаушыға айналып бара жатқан жоқ па?
Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ,
«Егемен Қазақстан».
Атырау облысы.

Соңғы жаңалықтар