Тағайындау • 24 Маусым, 2019

Ақтөбе қаласына жаңа әкім тағайындалды

419 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Ақтөбе қаласына жаңа әкім тағайындалды. Президент Әкімшілігінің және Ақтөбе қалалық мәслихаттың келісімі бойынша облыс әкімі Оңдасын Оразалиннің өкімімен бұл қызметке Мавр Абдуллин кірісті.

Ақтөбе қаласына жаңа әкім тағайындалды

Жаңа әкімді  қала активіне арнайы таныстырған аймақ басшысы оның алдағы жұмысына сәттілік тілей отырып, қызмет барысында  Елбасы бекіткен бағдарламаларды сапалы жүзеге асыру қажеттігін айтты.

- Қалада тұрғын үймен қамту, көп балалы аналардың әлеуметтік жағдайына оңды ықпал ету, экологиялық жағдайды қалыпқа келтіру бойынша, жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Қала тұрғындарымен ауызбіршілікте жұмыс жасайды деп  сенемін, жаңа әкім осы бағыттағы жұмыстарды жеделдетіп, сапалы түрде атқару қажет, -деді Оңдасын Оразалин.

Мавр  Ерғалиұлы Абдуллин 1973 жылы туған. Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтын экономист-менеджер мамандығы бойынша бітірген. Ойыл аудандық мәдениет бөлімінің меңгерушісі, Ойыл ауданы әкімінің орынбасары, облыстық ауыл шаруашығы басқармасы басшысының орынбасары, Ойыл, Алға аудандарының әкімі қызметтерін атқарды.   

Облыс әкімі Ақтөбе қаласын 3 жыл басқарған Ілияс Испановтың қаланың дамуына қосқан үлесін, әлеуметтік-экономикалық жағдайын көтеруге атсалысқаны үшін алғысын білдіріп, жаңа қызметіне сәттілік тіледі.