24 Маусым, 2019

Арыстағы жарылыс: Жедел штаб құрылып, жапа шеккендерге барлық көмек көрсетіліп жатыр

459 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Арыста болған апат салдарынан 31 адам түрлі дене жарақаттарымен Түркістан облысына қарасты ауруханаларға жеткізілді. Бұл туралы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мәлім етті.

Арыстағы жарылыс: Жедел штаб құрылып, жапа шеккендерге барлық көмек көрсетіліп жатыр

«Осы уақыттағы жағдай бойынша, облыстың медициналық мекемелеріне зардап шеккен 31 адам жеткізілді. Соңғы мәліметтер нақтылануда», - делінген басқарма ақпаратында.   

Науқастардың басым бөлігі Облыстық клиникалық ауруханада жатыр. Оларға барлық қажетті медициналық көмек көрсетілуде. Арыстағы төтенше жағдайға орай Ордабасы ауданында медициналық штаб құрылды. Түркістан облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мұқан Егізбаевтың басқаруымен шұғыл жұмыстар жүргізіліп жатыр. Ордабасы аудандық орталық ауруханада және Облыстық клиникалық ауруханада 200-ден астам науқасқа арналған орын дайындалды. Жедел жәрдем бригадасының 30 көлігі Шымкент қаласына кірер 3 жолға қойылды. Қажет болған жағдайда бірнеше аудандардан алдырылған қосымша жедел жәрдем көліктері дайын. 

«Облыстық клиникалық ауруханадан травматолог, хирург, реаниматолог дәрігерлер құрылған медициналық штабқа жиналды. Қазіргі кезде жарақат алғандар жоқ. Эвакуация жұмыстары жүргізіліп жатыр. Арыс қалалық орталық ауруханасы мен емханасынан науқастар эвакуацияланды. Мамандар да жедел жәрдем көліктері де облыс бойынша жеткілікті», - делінген ақпаратта. 

Айта кетейік, бұған дейін зардап шеккен 11 адам Шымкент ауруханасына жеткізілген болатын.