Аймақтар • 24 Маусым, 2019

Арыста полиция қызметкерлері эвакуацияланған азаматтардың мүлкін күзетеді

267 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Арыс қаласында полиция қызметкерлері қоғамдық тәртіпті сақтауға және эвакуацияланған азаматтардың мүлкін күзетуге тартылды.

Арыста полиция қызметкерлері эвакуацияланған азаматтардың мүлкін күзетеді

Жалпы жеке құрамның 463 қызметкері мен Ішкі істер министрлігі бөліністерінің 53 техникасы Арыс қаласынан көшірілгендерге көмек көрсетуде. Мұның ішінде 193 қызметкер және 23 техника азаматтық қорғау органдарына тиесілі.

Сондай-ақ 270 қызметкер мен 30 техника полиция бөліністерінен тартылды.

Арыс қаласындағы қоғамдық тәртіпті қадағалау үшін ҚР Ұлттық ұланының әскери бөлімінен 500 жауынгер жіберілді.

Осы факті бойынша ІІМ Оңтүстік өңірлік әскери-тергеу басқармасының Шымкент бөлімі Қылмыстық кодекстің 462-бабының 1-бөлігі (қару, сондай-ақ басқаларға қауіп тудыратын заттар мен нәрселерді сақтау ережесін бұзу) бойынша қылмыстық іс тіркеді.