Қазақстан • 25 Маусым, 2019

Egemen Qazaqstan ұжымы бір күндік жалақыларын Арыс тұрғындарына аударады

439 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қаржы Түркістан облысының Арыс қаласында болған жарылыс салдарынан зардап шеккендерге көмек көрсетуге бағытталған.

Egemen Qazaqstan ұжымы бір күндік жалақыларын Арыс тұрғындарына аударады

«Біз, егеменқазақстандықтар, бір күндік жалақыларымызды Арыстағы апатта зардап шеккендерге көмек ретінде аударамыз» деді Egemen Qazaqstan газетінің Басқарма төрағасы Дархан Қыдырәлі.

Еске сала кетейік, 24 маусым күні Түркістан облысына қарасты Арыс қаласындағы әскери бөлімшеде жарылыс болды. Оқиға орнына шұғыл түрде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жетіп, жарылыс аумағынан эвакуацияланған тұрғындармен кездесті.