Қауіптен қаймықпайық
Сәрсенбі, 27 ақпан 2013 7:25
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауында: «Жемқорлық – жай құқық бұзушылық емес. Ол мемлекеттің тиімділігіне деген сенімді сетінетеді және ұлттық қауіпсіздікке төнген тікелей қатер болып табылады», – деп атап өткен еді. Қазіргі таңда жемқорлық қоғамның ең қауіпті дертіне айналып отыр. Елбасымыз осы жайларға ерекше мән беріп, қоғамда жемқорлықты құбылыс ретінде жою қажет екенін баса айтып өтті. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тек қана құқық қорғау органдарының жұмысы емес, бүкіл қоғам болып осы дертті жою үшін белсенділік танытуымыз қажет.
Сәрсенбі, 27 ақпан 2013 7:25
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауында: «Жемқорлық – жай құқық бұзушылық емес. Ол мемлекеттің тиімділігіне деген сенімді сетінетеді және ұлттық қауіпсіздікке төнген тікелей қатер болып табылады», – деп атап өткен еді. Қазіргі таңда жемқорлық қоғамның ең қауіпті дертіне айналып отыр. Елбасымыз осы жайларға ерекше мән беріп, қоғамда жемқорлықты құбылыс ретінде жою қажет екенін баса айтып өтті. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тек қана құқық қорғау органдарының жұмысы емес, бүкіл қоғам болып осы дертті жою үшін белсенділік танытуымыз қажет.
Мысалы, әлемдегі дамыған елдердің бірі – Сингапурдың көшбасшысы Ли Куан Юдан бір журналист «парақорлық пен сыбайластықты қалай жеңдіңіз?» дегенде ол: «Тәртіп орнатуды алдымен жақындарыңыздан бастаңыз. Ең жақын адамдарыңыздың бір-екеуін жемқорлығы үшін түрмеге отырғызсаңыз, сонда оның бәрі орнына келеді», деп жауап берген екен. Еліміздің Конституциясына негізделген заңдарымыз өз деңгейінде жұмыс жасап тұрса, заңдылық принциптері сақталып, азаматтардың құқықтық сауаттылығы артып және саяси саналылығы қалыптасып, дамыған жағдайда осы қауіпті дерт құрықталар еді. Біздің ойымызша, осы қағиданы еліміздегі әртүрлі деңгейдегі адамдар түсініп, ойына ұстанса, сыбайлас жемқорлыққа бармай, қазынаның мүлкіне қол салмас еді.
Сыбайлас жемқорлық біздің елде болып жатқан құбылыс қана емес, әлемнің дамыған елдерінде де көрініс беруде.
Сыбайлас жемқорлық ел экономикасының көтерілуіне үлкен кедергі келтіріп отырған. Сонымен қатар, ең басты қауіп-қатер де осы тұстан аңғарылады. Жақында Экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің төрағасы Рашид Түсіпбеков сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, оның даму себептерін анықтау және оның өршуіне жағдай туғызбау керектігін атап көрсетті. Сондықтан оны болдырмау, алдын алу мақсатында Қызылорда облысының қаржы полициясы департаментінің қызметкерлері өз қызметтік міндеттерін адал атқарып жүргендігін атап айтқымыз келеді. Ақпарат көздерінен білгеніміздей, өткен жылы департамент қызметкерлері барлығы 433 қылмысты анықтаған. Оның ішінде экономикалық қызмет саласында 341 қылмыс тіркелген, сыбайлас жемқорлық санатында 86 қылмыстық іс қозғаған. Бұл – бір жылдың аясындағы атқарылған жұмыс.
2012 жылдың 23 тамызында Үкіметтің қаулысымен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактiсi туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте өзге де жолмен жәрдемдескен адамдарды көтермелеу қағидалары бекітілді. Сондықтан, сыбайлас жемқорлықты болдырмаумен алдын алудың тағы бір жолы азаматтардың ішкі мәдениетін қалыптастыру және дамыту, яғни әрбір азаматтың қоғам алдындағы ұлтжандылық қасиетін, адамгершілік, ар-ождандық ұғымдарын, имандылық нұрын жүрегіне ұялату болып табылады. Сонда ғана біз қоғамдағы қауіпті дерт – жемқорлықты бүкіл халық болып жеңе аламыз. Атап өткеніміз жөн, құқық қорғау органдары, соның ішінде қаржы полициясы қызметкерлері өздерінің қызметтерін адал атқарып келеді.
Халық арасында қаржы полициясына деген оңтайлы көзқарас қалыптасқаны жасырын емес. Мысалы, Қызылорда облыстық қаржы полициясының «сенім телефонына» түскен 18 хабарлама бойынша 3 дерек толық дәлелін тауып, қылмыстық іс қозғалған. Мұны азаматтардың саналы түрде қоғамның қауіпті дерті – сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу үшін өзіндік көзқарасының қалыптасқандығының, олардың сана-сезімінің өзгергендігінің айғағы деп санаймыз. Сонымен қатар, жемқорлықтың алдын алу, болдырмау және күресу үшін қоғамда жариялылықтың, демократиялық үдерістердің жандана түсуі күн тәртібінен түспеуі қажет. Сонда ғана біз халық болып, ел болып қоғамдағы қауіпті дерт – сыбайлас жемқорлықтың алдын алып, жоя аламыз.
Мұрат ТІЛЕУЛИЕВ,
«Дорстрой» ЖШС-нің директоры.
ҚЫЗЫЛОРДА.