«Арыстағы қайғылы оқиға ешкімді бейжай қалдырмады. Барлық алматылықтардың атынан қаза болғандардың отбасыларына көңіл айтамын, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тілеймін» деп жазды қала әкімі инстаграм парақшасында.
Қала басшысы Түркістан облысы әкімі Өмірзақ Шүкеевпен сөйлескенін жазды.
«Негізгі проблемаларды талқыладық. Көбіне үйлердің терезесі сынып, қасбеттер бұзылған, шатырлар опырылған. Мемлекет басшысының тапсырмасымен бірқатар шара қабылдадық. Қаланың кәсіпкерлері де үн қосты. Қазір қажетті құрылыс материалдары (шатыр, штукатурка қоспасы, эмульсия, пиломатериал, терезе, есік) жинастырылып жатыр» деді ол.