Аймақтар • 26 Маусым, 2019

Көмек көрсетуге шақырды

296 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан халқы Ассамблеясы Түр­кістан облысының Арыс қаласы­нан көшірілгендерге көмек көрсету ак­циясын бас­тады.

Көмек көрсетуге шақырды

Шымкент қаласында Түр­кістан об­лысының Достық үйі базасында зардап шеккендер үшін көмек жинау орталығы ашылады.

Қазақстан халқы Ассам­блея­­сының үйлестіру штабы құ­­рылды, оның үй­лес­тірушісі Шым­кент қаласы Қа­зақ­­стан хал­қы Ассамблеясы хат­шы­­­­лы­ғының меңгерушісі Мұратали Оразалыұлы Қалмұратов, бірлесе үй­лестіруші Түркістан облысы­ Қа­зақ­­стан халқы Ассамблеясы хат­шы­лығының меңгерушісі Ғани Құр­машұлы Рысбеков болды.

Акцияға «Дустлик» Қазақстан Рес­пуб­ликасының өзбек этно­мәдени бір­лес­­тіктерінің қауым­­­дастығы», «Әзер­бай­жан­­дықтар қауымдастығы», «Ахыс­ка» тү­рік этномәдени орта­­­­лығы», «Қазақ­стан корей­лер қа­уым­­­­­­дас­тығы» жә­не басқа да рес­пуб­­ли­­ка­лық және өңірлік этномә­дени бір­­лес­тік­­­­тер қосылды.

Адамдарды эвакуациялау үшін көлік­пен қам­тамасыз етуге кө­мек көр­сетілуде.

Қазіргі кезде қажетті гума­ни­тар­­лық кө­мек құрамына: азық-тү­лік, су, шырындар, балалар таға­мы, ең алдымен қажет болатын зат­тар кіреді.

Барлық қазақстандықтарды, жас­тарды, еріктілерді техно­гендік авария­дан зардап шеккен адамдарға көмек көрсетуге ша­қырамыз.

Біздің отандастарымыз сіз бен біз­дің қолдауымызға мұқтаж!

Гуманитарлық көмекті қа­был­­дау ор­­талығының мекен-жайы: Түр­кістан об­лысының Достық үйі, Шым­­кент қа­ласы, Желтоқсан көше­сі, № 9/3 үй.

Жұмыс істейтін уақыты: 24-25 мау­­сымда тәулік бойы, 26 маусымнан бастап сағ. 9.00-ден 19.00-ге дейін.

Қосымша ақпаратты мына телефон арқылы алуға болады: 
+ 7 (7252) 21-35-40.