07 Наурыз, 2013

Арақ ішіп алжасқандар

583 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Арақ ішіп алжасқандар

Бейсенбі, 7 наурыз 2013 7:14

Судьялық қызметте жүргеніме 17 жылдай уақыт болды. Осы жылдарда ішімдік ішіп алып немесе нашақорлықтың әсерінен қылмыс жасаған адамдардың ісін көп қарадым. Сол қылмыстық істерді саралап отырсам, арақ ішетін азаматтар үшін оның қаупі есірткінің кесапатынан алыс емес екен. «Арақ тек құмы­­­­раның ішіне ғана сияды» – деген сөздің өмірден алынғанына көз жетті. Жайшылықта қойдан жуас азаматтардың ішімдік ішіп алғаннан кейін мүлдем өзге­ріп шыға келетінін қайтерсің. Қыл­­мыс жасап бүлдірген соң, ер­те­ңі­не сотта «Неге ғана іш­тім осы пә­­лені?» деп бармағын тіс­­те­ген­дер қаншама.

Бейсенбі, 7 наурыз 2013 7:14

Судьялық қызметте жүргеніме 17 жылдай уақыт болды. Осы жылдарда ішімдік ішіп алып немесе нашақорлықтың әсерінен қылмыс жасаған адамдардың ісін көп қарадым. Сол қылмыстық істерді саралап отырсам, арақ ішетін азаматтар үшін оның қаупі есірткінің кесапатынан алыс емес екен. «Арақ тек құмы­­­­раның ішіне ғана сияды» – деген сөздің өмірден алынғанына көз жетті. Жайшылықта қойдан жуас азаматтардың ішімдік ішіп алғаннан кейін мүлдем өзге­ріп шыға келетінін қайтерсің. Қыл­­мыс жасап бүлдірген соң, ер­те­ңі­не сотта «Неге ғана іш­тім осы пә­­лені?» деп бармағын тіс­­те­ген­дер қаншама. Өкінішке орай, ішім­дік­тен кейін өзін-өзі дұрыс ұстай алмағандар, тек өздерінің ғана тағ­дырын балталамай өзге жан­дарды да жылататыны тағы анық.

Алматы облысы, Алакөл № 2 аудандық соты былтырғы жылы А.Мұрзабаевқа қатысты ҚК-нің 103-бабы, 3-тармағымен та­ғайындалған қылмыстық істі қарады. Сот тергеуінде анық­­талғандай, А.Мұрзабаев 2011 жыл­дың қазан айының 29-нан 30-на қараған түні сағат 23:30 шамасында арақ ішіп мас күйінде Алакөл ауданына қа­рас­­ты Тоқжайлау ауылының тұр­­ғыны Д.Омаровпен, П.Шака­ри­­­­мовпен бірге, осы ауылдың Куй­бышев көшесі №18 үй тұр­ғы­ны Н.Айтқұловтың үйіне барып, өздерімен алып келген бір шөл­мек арақты ішіп отырған кезде П.Шакаримов үйден шығып кетіп қалған. Одан кейін Д.Омаров та далаға шығып кеткен. Сол кезде Н.Айтқұловтың «үйден кет» деген сөзіне шыдамай А.Мұрзабаев оның басынан жұдырықпен ұрған. Соққыға шыдамай жерге құ­­­лаған Н.Айтқұловты оны басынан, кеудесінен тепкілеп жатқан кез­де сырттан Д.Омаров келіп қа­лып арашалап алып, үйлеріне қай­тып кеткен. Н.Айтқұлов сол дене жарақаттарынан 2011 жылы 2 қа­рашада қайтыс болған.
2012 жылғы 10 қаңтардағы сот-дәрігерлік сараптаманың қоры­тындысы бойынша жәбірле­нуші Н.Айтқұловтың өлімі жабық түр­де ми сүйегі жарылуынан миына қан құйылып, миының ісінуінен болған.
Осы қылмысы үшін А.Мұр­забаев 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Қайтыс болған Н.Айт­құловтың туысқандары бір жақ­тан жыласа, екінші жақтан А.Мұр­забаевтың туысқандары да жылап қалды. Егер А.Мұрзабаев арақ ішкеннен кейін өзін-өзі дұрыс ұстап, іс әрекетіне жауап бере алған болса немесе мүлдем арақ ішпесе осындай қанды оқиғаның болмасы анық еді. Ол өзінің әкесімен жасты адамды өлтірмес еді.
Өз үйінде, мас күйінде бөтен біреуді емес, өзінің туған әке­сін таяққа жығып, ауыр дене жа­ра­­қатын салып, соның салдарынан оны өлтіріп алған В.Гладилов деген азаматтың ісі де осы сотпен қаралып, тиісті шешімін тап­ты. Туған әкесімен бірге арақ ішіп отырып сөзге келіп қалып, со­­­ның салдарынан әкесін ұрған. Ер­тесі күні есін жиғаннан кейін, екі көзі қан аралас жасқа толды. Осы ісі үшін сотталып кеткен В.Гла­­дилов аман-есен болса жазасын өтеп шығар, бірақ өзекті өр­­­теген өкініштің ұмытылмасы анық.
Осы мақаланы жазып отыр­ғанда, Әкімшілік құқық бұзу­шы­лық туралы кодекстің 79-5-ба­бы­ның 1-тармағымен іс қарадым. Істің мән-жайы бо­йын­ша Қ. есім­ді қыз бала өзінің әкесіне қар­сы арызданған. Себебі, ол күн­де араққа тойып келіп, үйдегі адам­дардың бәрін балағаттап, есік-терезелерді сындырып маза бер­меген. Сот отырысында өзі­­­­нің қо­лын өзі кесе алмаған Қ. амал­дың жоғынан әкесін кешіріп, оған ешқандай шара қолданбауды сұ­рады. Ал жасы егде тартқан құқық бұзушы болса, айтар уәжі жоқ аппақ басын төмен қаратып тұрды.
Бақытжан НИЯЗОВ, 
Алакөл аудандық
№2 сотының төрағасы.
Алматы облысы.