12 Наурыз, 2013

Өңірде қылмыс көбейіп тұр

333 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Өңірде қылмыс көбейіп тұр

Сейсенбі, 12 наурыз 2013 7:19

Облысымызда соңғы үш жылда қылмыс санының өсуі байқалуда. Құқықтық статистика басқармасының мәліметтерінше, былтыр облыстың құқық қорғау органдарында 14 415 қылмыс тіркеліпті. Өткен жылмен салыстырғанда қылмыс саны 38,7 пайызға артқан. Мысалы, өткен жылдың 12 қарашасы күні Салтанат Нысанбекованың пәтері тоналыпты. Бірақ, күні бүгінге дейін құқық қорғау орындары тарапынан ешқандай көмек жоқ көрінеді. Тіпті, хал-жағдайларыңыз қалай деп қарапайым адамгершілік те танытылмаса керек. Өздерін іздеушілер болмаған соң, ұрылар еркінсімегенде қайтсін.

«Егемен Қазақстанның» Павлодар облысындағы меншікті тілшісі Фарида Бықай облыстық құқықтық статистика және арнайы есепке алу басқармасының бастығы Мұрат Хамитовке:

– Сіз бұған не дейсіз?

–Қоғамдық тәртіпті сақтау мен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қылмыспен күрес ішкі істер органдарының басты міндеті екені белгілі. Алайда, өңірде құқық бұзушылықпен күрес шаралары тек полицейлердің «мойнында» ғана емес. Жоғарыда келтірілген мәліметтер жергілікті мемлекеттік органдардың, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт салаларының өзара іс-қимыл шараларының пәрменсіз екенін байқатады. Бұл орайда, қоғамдық жерлерде жасалатын қылмыстардың алдын алу мақсатында еліміздің Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің облыс бойынша басқармасы қалалар мен аудандардың әкімдерімен бірлесіп, арнайы шаралар кешенін әзірлеуде. Сондай-ақ, «Қылмыстылық картасы» мен «Жол оқиғаларының картасын» дайындау қолға алынды. Карталарды pravstat.prokuror.kz сайтынан көруге болады.

Мысалы, қылмыс санының артуы облыс орталығында 52,4 пайыз болса, аудандар арасында Лебяжі 36,8 пайызды көрсетіп отыр. Яғни, ауылдың өзінде қылмыс жасау арта түскен. Сол секілді, – Ақсуда –33,6, Железинде – 32,3, Ертісте 25 пайыз… Қылмыс түрлерінің арасында өзгенің мүлкін ұрлау, бұзақылық басым. Бұлар жалпы қылмыстар санының үштен бір бөлігін құрайды. Сондай-ақ, адам өлтіру, денсаулыққа ауыр зардап келтіру, алаяқтық сияқты заң бұзушылықтар да азаяр емес. Сараптама нәтижелері бойынша, қоғамдық жерлерде жасалған қылмыстардың негізгі бөлігі көшедегі бұзақылық санатына жатады. Қылмыстық оқиғаларды зерттеу барысында көше бұзақылығы күз, қыс мезгілдерінде және жұма, демалыс күндері мен мерекелерде жиі тіркелетіні анықталды. Клубтар мен сауда-саттық орындарында жасалған қылмыс саны жалпы тіркелген заң бұзушылықтардың 22 пайызын құрап отыр. Құқық бұзушылықтарға жол бергендердің көбі жұмыссыз жүргендер, спирттік ішімдік ішкендер мен бұрын істі болғандар. Облыс бойынша тіркелген қылмыстардың 3879-ын – жұмыссыздар, 1008-ін – ішкіштер мен нашақорлар, 1020-сын – бұрын сотталғандар және 267-сін жасөспірімдер жасаған екен. Бұл деректер өңірде қылмыстың алдын алу үшін бірлескен жұмыстарды күшейтуді қажет ететінін көрсетеді.

Павлодар облысы.