Аймақтар • 26 Маусым, 2019

Тұтынушыларға жылу ақысы артық есептеліпті

310 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Монополистер тарапынан коммуналдық төлемдерді төлеу барысында қашан да асыра сілтеу болып жатады. Үй иелері үйінде болмаған жағдайда инспекторлар есептеу құралдарындағы құнынан артық көрсетіп жатады. Ал, бұл жағдай одан өзгерек.

Тұтынушыларға жылу ақысы артық есептеліпті

Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті мен «Қазгидромет» РМК-ның деректерін ескере отырып, жылумен жабдықтау қызметтерін көрсететін табиғи монополия субъектілерінің есептеріне сараптама жүргізді.

Сараптама нәтижелері бойынша 2018-2019 жылу беру кезеңінде жылу есептеу аспаптары жоқ тұтынушыларға тікелей қайтарылатын сомасы ҚҚС-мен 80,6 млн теңгені құрады. «Қызылорда жылу электр орталығы» МКК-ны бойынша 78,1 млн теңге немесе орташа 1 шаршы метрге ҚҚС-мен 50,07 теңге екен. Тарифті төмендету арқылы қайта есептеуде осындай олқылықтар орын алыпты.