14 Наурыз, 2013

Сот

398 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Сот

Бейсенбі, 14 наурыз 2013 1:29

Владимир Козловтың кассациялық шағымын қанағаттандырусыз қалдырды

Кеше Маңғыстау облыстық сотының кассациялық сот алқасында В.Козловқа, А.Аминовқа және С.Сапарғалиға қатысты қылмыстық іс қаралды. Бұған дейін хабарлағанындай, Ақтау қалалық сотының 2012 жылғы 8 қазандағы үкімімен: Козлов Владимир Иванович ҚР ҚК-нің 235-бабының 1-бөлігімен, 164-бабының 3-бөлігімен, 170-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған ҚР ҚК-нің 58-бабының 3-бөлігімен мүлкін тәркілеумен 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды;

Аминов Ақжанат Мендибаевич ҚР ҚК-нің 235-бабының 1-бөлігімен, 164-бабының 3-бөлігімен, 170-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған ҚР ҚК-нің 55-бабын қолдана отырып, ҚР ҚК-нің 58-бабының 3-бөлігімен 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. ҚР ҚК-нің 63-бабы негізінде А.Аминовке тағайындалған жаза шартты деп есептеліп, оған 3 жыл сынақ мерзімі белгіленді. А.Аминовке қолданылған «қамауға алу» түріндегі бұлтартпау шарасының күші жойылып, сот залынан қамаудан босатылды;

Сапарғали Серік Садықұлы ҚР ҚК-нің 170-бабы 2-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. ҚР ҚК-нің 63-бабы негізінде С.Сапарғалиға тағайындалған жаза шартты деп есептеліп, оған 3 жыл сынақ мерзімі белгіленді. С.Сапарғалиға қолданылған «қамауға алу» түріндегі бұлтартпау шарасының күші жойылып, сот залынан қамаудан босатылды.

Маңғыстау облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының 2012 жылдың 19 қарашадағы қаулысымен сот үкімі өзгеріссіз қалдырылған болатын. Аталмыш сот актілеріне сотталған Козлов пен оның қорғаушылары В.Сарсембина мен А.Плугов тарапынан кассациялық тәртіппен шағым келтірілді. Ал сотталған Аминов Ақжанат Мендибаевич пен Сапарғали Серік Садықұлына қатысты үкімнің бөліктеріне кассациялық наразылық немесе шағым берілген жоқ.

Кассациялық сот алқасына процес­ке қатысушылар, сотталғанның туыс­тары мен қызметтестері, БАҚ өкілдері мен бақылаушылар қатысты. Маңғыстау облыстық сотының 2013 жылғы 13 наурыздағы қаулысымен Ақтау қалалық сотының 2012 жылғы 8 қазандағы үкімі және Маңғыстау облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының 2012 жылғы 19 қарашадағы қаулысы өзгеріссіз қалдырылды, сотталған В.Козлов пен оның қорғаушыларының кассациялық шағымдары қанағаттандырусыз қалдырылды. Сот қаулысы заңды күшіне енді, деп хабарлады Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі.