«Сарайшық» ЖШС-нің бас директоры, Атырау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының жетекшісі Тамила Розметова: «Арыс қаласының тұрғындарына ел болып қарайласып жатқанымыз – елдігіміздің, бірлігіміздің белгісі. Мұндай сәтте біз де немқұрайлылық танытпай, арыстықтармен бірге екенімізді білдіргіміз келді. Ассамблеяның Атырау облысындағы филиалы, этномәдени бірлестіктер мен кәсіпкерлер, жастар ақшалай-заттай жәрдемдесіп жатыр. «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының облыстағы бөлімшесінің өзі қысқа уақыт ішінде бір миллион теңгеден астам қаражат жинады. Жұмыс әлі де жалғасын табады», - дейді.
Айта кетейік, «Жаңғыру жолы» қозғалысы «JAGSYLYQJASA» жобасы аясында Түркістан облысына еріктілер жібереді. Атырау облысында жоба басталған бір күннің өзінде 20-дан астам ерікті Арыс тұрғындарына көмек көрсетуге тілек білдірді.