Қор болған «жиырма бес»…
Сәрсенбі, 20 наурыз 2013 1:33
Ұрының түрі көп. Пәтер тонаушылар, қалтаға түсушілер, мал ұрлаушылар… Солардың бірін Шымкент қаласының полиция қызметкерлері ұстады. Жастары жалындаған 25-ке енді жеткен бұл екі жігіт көлік тонауды кәсіп етіпті. Соңғы екі жылдың ішінде 50-ден астам көлікті тонаған. Екеуі де бұрын ұрлық жасағандары үшін сотты болған.
Осы уақытқа дейін қолға түспей жүргендеріне қарағанда,
Сәрсенбі, 20 наурыз 2013 1:33
Ұрының түрі көп. Пәтер тонаушылар, қалтаға түсушілер, мал ұрлаушылар… Солардың бірін Шымкент қаласының полиция қызметкерлері ұстады. Жастары жалындаған 25-ке енді жеткен бұл екі жігіт көлік тонауды кәсіп етіпті. Соңғы екі жылдың ішінде 50-ден астам көлікті тонаған. Екеуі де бұрын ұрлық жасағандары үшін сотты болған.
Осы уақытқа дейін қолға түспей жүргендеріне қарағанда, бұл екі қу «жорыққа» өте тыңғылықты дайындалып, нақты жоспармен кірісетін сияқты. Олар, алдымен автотұрақтарда немесе жолдың бойында иесі жоқ қараусыз тұрған қымбат шетелдік көліктерді аңдып жүріп, терезесін сындырып, ішіндегі құнды заттар мен ақшаны алып кетіп отырған. Ал ұрланған заттарды қаладағы базарларға сатып, өз қажеттеріне жаратқан.
Сол сияқты, өткен аптада шымкенттік тәртіп сақшыларының қолына түскен 25 жастағы тағы бір ұры тек аккумулятор ұрлауға машықтаныпты. Иә, көлікті от алдыратын капот ішіндегі кәдімгі аккумулятор. Үстіміздегі жылдың 9 ақпанында, полиция бөліміне 28 жастағы тұрғын арызданған. Ол өз арызында, белгісіз біреудің есігінің алдында тұрған «ВАЗ-2107» автокөлігінің капотын ашу арқылы, аккумуляторын ұрлап кеткені туралы жазған. Осыдан бір тәулік өткен кезде, осы тектес арызбен қаланың тағы бір тұрғыны арызданған. Арызда «ВАЗ-2101» маркалы автокөлігін азық-түлік дүкенінің жанына қойып кеткенде, белгісіз азамат оның да аккумуляторын ұрлап кетіп, қылмыс орнынан ізін суытқанын айтқан. Жедел іздестіру іс-шарасы кезінде, Шымкент қаласының тұрғыны ұсталды.
Ал келесі бір қарақшылық топ жанармай бекеттері мен пәтер тонауды қолай көріпті. Күдікті ретінде ұсталған Қызылорда облысының екі жап-жас тұрғыны аз ғана уақыттың ішінде 4 қарақшылық, оның біреуі жанар-жағармай бекеті жұмысшысын өлтірумен аяқталған, сонымен қатар, тонау және 8 пәтер ұрлығын жасап үлгеріпті. Бұл екі күдіктінің де жас шамасы сол 25-те. Мұндайда «от болатын, шоқ болатын, бар болатын, жоқ болатын, жын да, пері жиырма бес» жастың осылайша темір тордың ар жағында қор болғаны-ай демеске лажың жоқ.
Оралхан ДӘУІТ,
«Егемен Қазақстан».
Оңтүстік Қазақстан облысы.