Қостанайлық мамандар бекітіліп берілген үйлерді қарап, жұмыс пен қажетті құрылыс материалдарының көлемін анықтайды. Соған орай оған кететін қаржы көлемі есептеліп шығарылады. Содан кейін оған баратын құрылыс компаниялары, мамандар, жұмысшылар бригадалары бекітіледі.
«Сондай-ақ, кеше Қазақстан халқы ассамблеясының облыстық сессиясында мен этномәдени бірлестіктердің төрағаларына осы жағдайды жеткіздім, бүгін ірі, орта, шағын бизнес өкілдерімен кездесу өткіздім. Барлығы Арыстағы зардап шеккен отбасыларына гуманитарлық және тұрғын үйлерін қалпына келтіруге көмек көрсетуге дайын екендерін білдірді» деді Архимед Бегежанұлы.
Қостанай облысы«Нұр Отан» партиясының қолдауымен жарияланған «Арыс. Біз біргеміз» Жалпы республикалық акцияға белсенді қатысып отыр. Облыс әкімінің басшылығымен партияның облыстық филиалының төрағасы ретінде штаб құрылды. Оның құрамында Розинов В.С, Ким И.Р, Маишев Қ.А, сияқты белгілі кәсіпкерлер мен қоғамдық пікір көшбасшылары бар. Апаттан зардап шеккендерге көмекке облыстағы мемлекеттік органдардың қызметкерлері 20 млн. теңгеден астам қаржы аударды. Оның сыртында «Қарасу СӨК» бас директоры, Қазақстанның Еңбек Ері А.Ж. Тұрсынов және оның ұжымы 3,5 млн.теңге, «БК-Строй» ЖШС ұжымы 2 млн. теңге, «Милх» ЖШС бас директоры С.И. Блок жеке 1 млн. теңге аударды. Арысқа 30 тонна азық-түлік пен бірінші қажетті заттар тиелген керуен жөнелтілді.
Қостанай