Қоғам • 28 Маусым, 2019

Бұл қолдаудың орны бөлек

339 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы ең алдымен ел азаматтарының әлеуметтік-тұрмыстық жай-күйіне баса назар аударып отыр. Бұл мәселе Қ.Тоқаевтың президенттікке кандидат ретіндегі бағдарламасына да басты желі болып тар-тылғаны белгілі. Бүгінгі биігінен қарағанда да Президенттің ел-жұртқа берген уәделері орындала бастағанына көз жеткіземіз. Жасы­ратын несі бар, қазіргі кезде күн­көріс деңгейі төмен көптеген қазақ­стан­дықтар дербес баспанаға қол жеткізе алмай жүр. Сол үшін көпшілігі үйге несиелік қаражаттар алу жолымен қол жеткізуді ұйғарған. Солардың қатарына өзімді де қоса аламын.

Бұл қолдаудың орны бөлек

Қазақ халқында «қысқа жіп күрмеуге келмейді» деген нақылға бергісіз сөз бар. Шындығына келгенде жайлы пәтерге ие болу үшін несие рәсімдегеніммен, оның жүктемесін төлеуге келгенде қиналып қала­тын кездерім аз емес-ті. Дегенмен, «шешінген судан тайынбас» деген, әйтеуір бір айдан екінші айға дейін амалдап төлеп жүрген едім.

Осындай әрі-сәрі күйде жүргенім­де akorda.kz сайтынан Президенттің «Қазақстан Республикасы азамат­тарының борыш жүктемесін азайту туралы» Жарлығын көріп, іздегенім табылғандай қуанышқа бөлендім. Қамқорлық дегеніміз осындай-ақ болатын шығар. Президенттің шарапаты мыңдаған адамдарға тиетіні қандай ғанибет. Сондықтан да бұл қолдаудың орны бөлек. Әлеуметтік мәні мен маңызы жоғары деп есептеймін.

Менің өмірден өз орнымды табуы­ма Қазақстаным қолдау көрсетті. Бү­гін­де ақысыз арнаулы білім алуда­мын. Сондай-ақ көп кешікпей дербес бас­панаға ие болатыным да есіме түс­кенде бойымды шаттық сезімі билейді.

 

Жахар ЛАЗАРЕВ,

Алға балалар үйінің тәрбиеленушісі,

Ақтөбе ауыл шаруашылығы колледжінің студенті

 АҚТӨБЕ