Тағайындау • 28 Маусым, 2019

Данияр Есин ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі болып тағайындалды

688 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Үкіметінің Қаулысымен Есин Данияр Нұрашұлы Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы primeminister.kz хабарлайды.

Данияр Есин ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі болып тағайындалды

Данияр Есин 1981 жылы Қарағанды облысында туған. ҚР Қаржы полициясы академиясын, Қазақстан-Ресей университетін, РФ Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және  Мемлекеттік қызмет академиясын бітірген.  Еңбек жолын 1998 жылы бастаған. 

Түрлі жылдары Астана қаласының Инвестициялар және даму басқармасында жұмыс істеді: басшының орынбасары, басшы лауазымдарында болды.  2016-2018 жылдары - Астана қаласының Дін істері басқармасының басшысы. 2018 жылдың наурыз айынан Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық даму істері басқармасын басқарды.