Турнир финалында жас қазақстандықтар италиялық «ТФТ Флория-2000» командасын пенальти бойынша ұтып, есеп 4:2 болды. Матчтың негізгі есебі - 0:0.
Финалға барар жолда алматылықтар Польша, Испания, сондай-ақ италиялық футбол клубтарымен кездесті.
«Бұл жеңіс бізге ерекше қуаныш сыйлады. Бізге шын көңілімен сенгені үшін жаттықтырушымыз Бейбіт Құлыбековке алғысымыз шексіз. Жанкүйерлеріміздің үмітін ақтау үшін барымызды салдық. Сәтті сапар болды», - дейді «Арыстанның» 13 жасар ойыншысы Мирас Габдылмуталапов.
Айта кетейік, турнирде 24 елден 126 команда бақ сынады. Каталония кубогы осымен 32-ші рет өтіп отыр.