Спорт • 30 Маусым, 2019

Нұрзат Сабыров мажарстандық боксшыны нокаутқа түсірді

723 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Тетфор Минде (Канада) Қазақстандық боксшы Нұрзат Сабыров (9-0, 8 КО) өнер көрсетті. Бұл туралы Sports.kz хабарлады.

Нұрзат Сабыров мажарстандық боксшыны нокаутқа түсірді

Сабыровтың қарсыласы жеңіліп көрмеген мажарстандық боксшы Ласло Тот (7-0, 6 КО) болды. Он раундтық айқас «суперорта» салмақта өтті. Екінші раундтың басында Нұрзат қарсыласын нокаутқа түсіріп, жеңімпаз атанды.

Бұл қазақстандық боксшының кәсіби рингтегі оныншы жеңісі, ал Мажарстаннан келген боксшы мансабында алғаш рет жеңіліс тапты. 

Еске сала кетейік, Нұрзат Сабыров 2017 жылдан бастап кәсіпқой бокста өнер көрсетіп келеді.