Аймақтар • 01 Шілде, 2019

Қостанайда «Отбасын қолдау» ресурстық орталығы ашылды

630 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Орталық жасөспірімдер ісі жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта ашылды.

Қостанайда «Отбасын қолдау» ресурстық орталығы ашылды

Ол отбасының қоғамға бейімделуіне, отбасылары ажырасқанда және өмірдегі басқа да күрделі жағдайларға тап болғанда бала мен ата-ананың эмоциялық жарақат алмауына көмек береді. Сонымен қатар отбасындағы қалыптасқан күрделі проблемалардың шешімін табуына атсалысады.

Ата-аналар мен балалар осы орталықтағы психологтар мен заңгерлерден және басқа мамандардан білікті кеңестер ала алады.


Қостанай