Аймақтар • 01 Шілде, 2019

Алматыда АИТВ-ға қан тапсыратын қосымша пункт ашылды

380 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қалалық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығының бастамасымен мегаполисте АИТВ-ға тестілеу бойынша мамандандырылған зертхананың алғашқы қосымша қан алу пункті ашылды.

Алматыда АИТВ-ға қан тапсыратын қосымша пункт ашылды

Енді Сайран, Тастақ және оның маңындағы аудандардың тұрғындарына АИТВ-ахуалын анықтау үшін арнайы ЖИТС орталығына барудың қажеті жоқ. Алматылықтар тесті тегін және қалауымен жасырын түрде тапсыра алады және психоәлеуметтік кеңес ала алады. Сондай-ақ зертханалық немесе жедел тестілеу әдісін таңдауға болады. Соңғы жағдайда АИТВ-мәртебесі 15-20 минуттан кейін белгілі болады. Жаңа пункт Тастақ базарының жанындағы «Аль-Бари» сауда-ойын-сауық орталығында орналасқан.

– Қан алу пункті барлық қажетті жабдықтармен жабдықталған. Талдаудың өзі орталықта жоғары технологиялық жабдықта мамандандырылған зертханада жүргізіледі. Зертхана ҚР СТ 15189-2015 ISO халықаралық үлгісіндегі аккредиттеу аттестатын алды. Қан алу процесімен және талдау жүргізумен жоғары білікті мамандар айналысады, – дейді Алматы қалалық ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығының бас дәрігері Марат Түкеев.

Қан алу пунктінде сондай-ақ, жыныстық жолмен берілетін инфекцияларға, гепатиттерге және басқа да ауруларға анализдерді тапсыруға мүмкіндік бар. Тұрғындардың өтініші бойынша дәрігерлер аптасына алты күн жұмыс істейді.

АИТВ-ға тестілеу жөніндегі мамандандырылған зертхананың қосымша қан алу пункті ашылуы АИТВ індетін тежеуде түбегейлі шаралар қабылдау жөніндегі Париж декларациясына қол қою аясында Алматы – Орталық Азиядағы бірінші қала – Денсаулықты қорғау жөніндегі шаралардың қисынды жалғасы болып табылады.


АЛМАТЫ