«№2 қалалық балалар ауруханасында балалардың еміне қажетті барлық жағдай жасалған. Білікті мамандарды шақырдық, мұнда медициналық аппараттар мен дәрі-дәрмек те жеткілікті. Балалардың жағдайы менің жеке бақылауымда болады», деді министр.
2005 және 2011 жылдары туған екі бала Нұр-Сұлтандағы №2 қалалық балалар ауруханасындағы жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлер екі науқастың да миы мен көкірегін КТ-дан өткізіп, біреуіне операция жасады. Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, отадан шыққан кішкентай пациенттің жағдайы өте ауыр. Ал екіншісінің жағдайы тұрақты, ауыр хәлде. Денсаулық сақтау министрі аурухана басшысына науқастардың денсаулығына қатысты қандайда бір өзгеріс болса дереу мәлімет беріп отыруды тапсырды.