16 Сәуір, 2013

Күйеулерін жер жастандырды

359 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Күйеулерін жер жастандырды

Сейсенбі, 16 сәуір 2013 2:06

Араққа сылқия тойып алған Қызылжар ауданының ерлі-зайыптылары жанжалдасып қалады. Оның ақыры өлімге соқтырарын олар ойламады. Содан екеуінің ұрыс-керісі жаға жыртысуға ұласып, ақыры әбден ашынған 28 жастағы келіншек ас пышақты жұбайының жүрек тұсына бойлата салып кеп жібергенде, ана бейбақ тіл тартпай кеткен.
Екінші оқиға да осыған ұқсас. М.Жұмабаев ауданының 43 жастағы тұрғыны азаматтық некедегі күйеуімен арақты ақылынан айрылғанша сіміріп, оның соңы бір-бірін балағаттауға жалғасқан. Соңынан әйелі күйеуіне пышақ жұмсап, жер жастандырған.

Динара САҒЫНДЫҚОВА, 
Солтүстік Қазақстан облыстық
ІІД баспасөз қызметінің маманы.