17 Сәуір, 2013

Екі полицейге іздеу жарияланды

282 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Екі полицейге іздеу жарияланды

Сәрсенбі, 17 сәуір 2013 2:19

Қызылорда облысы, Шиелі аудандық ішкі істер бөлімі криминалдық полиция бөлімшесінің екі аға уәкіліне іздеу жарияланды.  Құқық қорғау органдарының құрсауынан қашып, бой тасалап жүрген бұл екеуге уақытша ұстау изоляторына қамалған адамды ұрып-соқты деген айып тағылды.

 

Сәрсенбі, 17 сәуір 2013 2:19

Қызылорда облысы, Шиелі аудандық ішкі істер бөлімі криминалдық полиция бөлімшесінің екі аға уәкіліне іздеу жарияланды.  Құқық қорғау органдарының құрсауынан қашып, бой тасалап жүрген бұл екеуге уақытша ұстау изоляторына қамалған адамды ұрып-соқты деген айып тағылды.

Оқиғаның кіріспесі мынадай. Шиелі аудандық ішкі істер бөлімі криминалдық полиция бөлімшесінің аға уәкілдері С.Пір­манов пен Е.Төлешев  Қыл­мыстық кодекстің 175-бабы 2-бөлігінің а, в тармақтары бо­йын­ша үстінен қылмыстық іс қозғалып, күдікті ретінде ұсталған А.Дүйсенбаевты ұрып-соққан. Күдікті сосын полицейлердің ауыр соққыларын көтере алмай, шұғыл ауруханаға жатқызылған. Сол жерде оған «ащы ішегі жыртылып, 3-дәрежелі геморрологиялық шок алған» деген диагноз қойылып, жедел түрде ота жасалған.
Артынша іске аудандық прокуратура қызметкерлері араласып, алдын ала жүргізген тергеу алды тексерулері нәтижесінде екі аға уәкілдің күдіктіге аудан көлеміндегі ашылмаған басқа да қылмыстарды мойындатпақ болып қинағандары анықталады. Осыған орай, аталмыш оқиға негізінде ҚК-нің 141-1 бабы 3-бөлігімен қылмыстық іс қозғалды.
Қазіргі таңда бұл іс бойынша тергеу жұмыстарын облыстық прокуратураның арнайы прокурорлар басқармасы жүргізуде. Іс бойынша жүргізілген тергеу амалдары мен жинақталған дәлелдемелердің жеткіліктігі ескеріліп, Шиелі АІІБ криминалды полиция бөлімшесінің аға жедел уәкілдері С.Пірманов пен Е.Төлешевке тиісті айыптар тағылды. Бірақ соңынан екі полиция қызметкерінің қашып кеткені белгілі болды. Осыған байланыс­ты іздеу жарияланды. Қазір сол бағытта жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде.
Ержан БАЙТІЛЕС,
«Егемен Қазақстан».
Қызылорда облысы,
Шиелі ауданы.