Руханият • 02 Шілде, 2019

Димаш Құдайберген Нью-Йоркте жеке концерт береді

687 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Димаш Құдайбергеннің АҚШ-та концерті өтеді. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрінің баспасөз хатшысы Айдар Қырықбайұлы Instagram парақшасында жазды.

Димаш Құдайберген Нью-Йоркте жеке концерт береді

«АҚШ-та Мәдениет және спорт министрлігінің тікелей қолдауымен және ұйымдастыруымен Димаштың концерті өтеді. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова айтты. Аты әлемге әйгілі өнер иесінің бұл кеші Нью-Йорк қаласында болмақ», деп жазды Мәдениет және спорт министрінің баспасөз хатшысы Айдар Қырықбайұлы instagram парақшасында.

Еске сала кетейік, Димаш Құдайберген жақында ғана елордада «Арнау» атты жеке концертін беріп, одан түскен қаржының бір бөлігін Арыс тұрғындарына көмек ретінде аударды.  Сондай-ақ, бұған дейін оның Лондон және Мәскеуде жеке концерті өтті.