Президент • 02 Шілде, 2019

Елордада АХҚО соты мен Халықаралық төрелік орталығы ашылды

551 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астана халықаралық қаржы орталығындағы АХҚО соты мен Халықаралық төрелік орталығы ашылды. Оның салтанатты рәсіміне Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қатысты.

Елордада АХҚО соты мен Халықаралық төрелік орталығы ашылды

«Бүгін біз тарихымыздың жаңа бөлімін ашып отырмыз. АХҚО судьялары өте маңызды рөл атқарып, әділдік пен шыншылдықтың символы болып қалады. Бүгінгі шараны Қазақстан тарихындағы беделді төреші Төле би атындағы залда өткізуіміз де тегін емес. АХҚО сотының төрағасы Лорд Вульфке және Халықаралық төрелік орталығының төрайымы Барбара Доманнға және АХҚО сотының бас жетекшісіне аталған сот пен орталықты ашуға қосқан үлесі үшін ерекше алғыс айтамын. Толағай табыс тілеймін. Және АХҚО соты мен Халықаралық төрелік орталығын ашық деп жариялаймын», деді Мемлекет басшысы.