Үкімет • 02 Шілде, 2019

«Мектепке жол» қайырымдылық акциясы 1 шілдеде басталады - БҒМ

313 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Премьер-Министр А. Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Білім және ғылым министрі А. Аймағамбетов қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыру және әлеуметтік мәселелерді шешу шаралары туралы баяндады.

«Мектепке жол» қайырымдылық акциясы 1 шілдеде басталады - БҒМ

Мақсатты гранттар бөлу бойынша

ЖОО-ларда оқу үшін көп балалы отбасылар мен атаулы әлеуметтік көмекті алатын отбасылардан шыққан балалар үшін қосымша 5 мың мақсатты грант бөлінеді. Гранттар трансферттермен жергілікті атқарушы органдарға беріледі. Әкімдіктер өңір қажеттіліктерін ескерумен даярлау бағыттарының тізімін айқындайды. 

Республикалық маңызы бар облыстардың, қалалардың және елорданың әкімдері конкурстық комиссия құрады. Конкурсқа қатысудың міндетті шарты - ҰБТ-ның шекті баллын жинау. 

«Алдымен 53 785 негізгі грантқа республикалық конкурс өткізіледі. Көп балалы отбасылар мен атаулы әлеуметтік көмекті алатын отбасылардан шыққан, негізгі конкурс нәтижелері бойынша грантқа ие болмаған абитуриенттер қосымша мақсатты гранттар бойынша конкурсқа қатысу үшін жергілікті атқарушы органдарға өтініш бере алады», — деді А. Аймағамбетов.

Қосымша гранттар бойынша конкурсқа өтініштер қабылдау 5 және 10 тамыз аралығында жүргізіледі. Гранттар 25 тамызға дейін тағайындалады. Грант иегерлерінің тізімін әкімдіктер жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды. 

Барлық грант иегерлеріне 20 949 теңге көлемінде шәкіртақы тағайындалады, сондай-ақ  каникул кезінде жылына 2 рет жол жүру үшін (4 АЕК) өтемақы мен жатақханада орын алу үшін бірінші реттегі кезек беріледі.

Жұмысшы біліктіліктері бойынша оқитын студенттердің шәкіртақысын арттыру бойынша 

2017 жылдан бері «Баршаға арналған тегін ТжКБ» жобасы іске асырылуда. Колледждерде жұмысшы біліктіліктері бойынша 122 мың адам оқиды. Әлеуметтік кепілдік түрінде бір реттік ыстық тамақ (күніне 350 теңге),  каникул кезінде жылына 2 рет жол жүру үшін 4 АЕК (10 100 теңге) көлемінде өтемақы және 16 759 көлемінде шәкіртақы қарастырылған.

Жұмысшы біліктіліктері бойынша оқитын студенттердің 70%-ы әлеуметтік сезімтал тұрғындар санатынан. Жалпы, студенттерді қолдау үшін Мемлекет басшысы шәкіртақы көлемін 30%-ға көтеруді тапсырды. Осылайша, жаңа оқу жылында шәкіртақы көлемі  21 787 құрайтын болады. 

Талантты балалар мен жасөспірімдерді іздеу, оларды оқыту және ЖОО-ларға түсуге дайындау бойынша 

Қазіргі кезде «Қазақстанның дарынды балалары» деректер базасы құрылған, онда 26,5 мың оқушының - республикалық және халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері туралы мәліметтері бар. 

Таланттарды анықтау және ауылдар мен шағын қалалардан шыққан балаларды қамтуды кеңейту мақсатында ҚР БҒМ ҚР Тұңғыш Президенті Қорымен дарынды балаларды қолдаудың жаңа Тұжырымдамасын әзірледі. Ауыл және шағын қалалардың мектептерінен шыққан балаларға ерекше көңіл бөлінетін болады. Іріктеу критериі теориялық білімді емес, логикалық ойлау мен практикалық дағдыларды игеруін бағалау болмақ. 

«Мектепке жол» жалпы республикалық акциясын қоғамдастық пен демеушілерді тарту арқылы кеңейту бойынша 

ҚР Білім және ғылым министрлігі биыл «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы бойынша қосымша шаралар қабылдайтын болады, акция 2008 жылдан бері жыл сайын еліміздің барлық өңірлерінде өткізіліп келеді. 

«Биыл акция бір ай ерте, яғни 1 шілдеден басталады. Көмекке мұқтаж балаларды барынша қамту мақсатында жылжымалы пункттер, сондай-ақ еріктілерді тартумен мобильді топтар ұйымдастырылады», — деді А. Аймағамбетов.