Бюджеттен жегеннің бүйірі толмайды
Сейсенбі, 23 сәуір 2013 3:15
Қостанайда жалған кәсіпорындар мемлекетті 1 млрд. теңгеден астам шығынға батырды
Қостанай облысындағы жалған кәсіпорындар мемлекетке 1 млрд. теңгеден астам соманың зиянын келтірді. Бұлардың негізгі бөлігі салық пен басқа да міндетті төлемдерді айналып өту арқылы заңсыз ақша айналымын жасауға маманданып алған мекемелердің үлесіне тиеді.

– Осы кезге дейінгі жедел-тергеу тәжірибесі көрсеткендей, мемлекетке мейлінше ірі мөлшерде залал келтіретіндер салық пен бюджетке міндетті төленуге тиісті басқа да төлемдерді айналып өтіп, ақша қаражатын заңсыз қолма-қол ақшаға айналдырып беруге машықтанып алған жалған кәсіпорындар болып отыр, – деді журналистермен кездесуінде облыстық сыбайлас жемқорлыққа және экономикалық қылмысқа қарсы күрес департаменті бастығының бірінші орынбасары Талғат Башев.
Ол өз сөзінің дәлелі ретінде 2011 жылғы қараша айында Қостанайда заңды кәсіпкерлік жасауға ешқандай да ниеті болмаған бірнеше кәсіпорынға қарсы қылмыстық іс қозғалғанын келтірді. Олар салықты төлемеу арқылы мемлекетке 1 млрд. теңгенің үстіндегі сомада шығын келтірген болып шықты.
Тағы бір мысал, заңды бизнеспен айналысуға ешбір құлқы болмаған Т.Төлеков есімді жалған кәсіпкер 2010-2011 жылдары әлі тергеу анықтай қоймаған күмәнді тұлғалармен келісімге келіп, «DOS Plus KZ» ЖШС мен «Оптснабсервис» ЖШС-ның реквизиттерін іс жүзінде атқарыла қоймаған жұмыстар үшін шот-фактура толтыруға пайдаланған. Осы арқылы ол мемлекетке 36 млн. теңгеден астам залал келтірген.
– Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде Төлеков осындай жалған кәсіпорынға жазып берген жалған шот-фактуралары үшін 800 мың теңге көлемінде сыйақы алып жатқан кезінде қолға түсті, – деп мәлімдеді Т.Башев.
Нәзира ЖӘРІМБЕТОВА,
«Егемен Қазақстан».
ҚОСТАНАЙ.