24 Сәуір, 2013

«Ала таяқтылар» алаңдатады

281 рет
көрсетілді
8 мин
оқу үшін

«Ала таяқтылар» алаңдатады

Сәрсенбі, 24 сәуір 2013 2:49

Себепсіз салдар болмайды­ де­мекші, бұл мақаланы жазуы­мыз­ға интернет желісінде Алма­ты облыстық ІІД жариялаған мына бір оқиға себеп болды. Ағым­дағы жылдың 30 наурыз күні Шонжы – Ақсу күрежолында «Toyo­to Camry» және «Mazda» авто­кө­лік­­тері соғылып, қос көліктің де жүр­гізушілері оқиға орнында көз жұм­ды. Шонжы ауылына жет­кі­зілген алты жолаушының біреуі ауыр жағдайда жатыр. Болжамға сүйен­сек, өте қатты жылдамдықта келе жатқан «Toyoto Camry» авто­кө­лігінің жүргізушісі көлік рөліне ие бола алмай қалған.

Сәрсенбі, 24 сәуір 2013 2:49

Себепсіз салдар болмайды­ де­мекші, бұл мақаланы жазуы­мыз­ға интернет желісінде Алма­ты облыстық ІІД жариялаған мына бір оқиға себеп болды. Ағым­дағы жылдың 30 наурыз күні Шонжы – Ақсу күрежолында «Toyo­to Camry» және «Mazda» авто­кө­лік­­тері соғылып, қос көліктің де жүр­гізушілері оқиға орнында көз жұм­ды. Шонжы ауылына жет­кі­зілген алты жолаушының біреуі ауыр жағдайда жатыр. Болжамға сүйен­сек, өте қатты жылдамдықта келе жатқан «Toyoto Camry» авто­кө­лігінің жүргізушісі көлік рөліне ие бола алмай қалған. Бұл жерде қозғайын деп отырған ойымыз бірінен екіншісі асып түсетін жол апаттарын тізбелеу емес. Ке­рісінше, жол апатын болдыр­мау, мүм­кіндігінше алдын алу мәселесі. Рас, бұл сұрақты жол полициясы қызметкеріне бағыттасаңыз «Көліктердің кез келген жерде кездейсоқ соғылатынын біз қайд­ан білеміз, көріпкел емеспіз ғой, бұл біздің функционалдық міндетімізге кірмейді», деп бей­күнә кейіпке ене қалады. Адам өміріне бей-жай қарамау, адамгершілік оларға жат екенін дәлелдеп отырудың өзі артық. Сон­да адал еңбегіне сүйенген адамдардың жылдар бойы тір­нек­теп жинаған қаражатына сатып алған автокөлігі бір сәтте со­ғылып, мылжаланып, жарамсыз болып қалғанын айтпағанда, адамдар өмірі, жүргізушілердің жол жүру ережесін бақылауға жауапты «ала таяқтыларды» селт еткізбейтініне етіміз үйреніп кетті ме?

Көліктер соқтығысын ысырып қойғанда, жетісулық жүргізушілер жаяу жүргіншілерді қағып кететіні де жасырын емес. Нақты бір мысал келтірсек, ағымдағы жылдың 27 наурыз күні Жамбыл ауданында «ВАЗ-2109» көлігінің жүргізушісі Т. Ұзынағаш – Бесмойнақ күре­жо­лының 66 шақырымында жаяу жүргінші Т.деген азаматты қағып, сол жақ жамбасын сындырған.

Жалпы алғанда, соңғы жылдары Алматы облысы аумағындағы жолдарда мұндай қайғылы де­ректер неге көп? Статистикалық мәлімет бойынша жол-көлік соқ­ты­ғысы бойынша республикамызда Алматы облысы үшінші орын­да болса, соның салдарынан мерт болған адамдар саны да жылдан-жылға өсіп, екінші орын­ға көтерілгені өз алдына. Рес­публикамыздағыдай жетісулық «ала таяқтылар» да ауылдар іргесін басып өтетін күрежолдардың қалтарыстарында тығыла тұрып, жүргізушілер құжатын тексеріп, қандай да бір кінәрат тауып, бар­мақ басты, көз қыстыдан танар емес. Сөйтіп тұрғанда, дәл қасынан құйғытып өткен кө­лік сұлбасын байқай қойып, көр­меген кейіп таныта сырт айналу да әдетке енген. Осы кезде дәл осы тұста айта кетсек жол полицейі құжатын тексеру үшін тоқтатқан көліктердің бірінің жүр­гізушісін, иә болмаса сол кө­ліктен түскен жандардың бірін жол полициясы қызметкеріне пысқырып та қарамай ызғытып өте шығатын көліктердің бірі­ қағып кетсе не болады? Бей­күнә жанның өмірін қиған әлгі «қызмет бабымен асығып бара жатқан мықты» жауап бере ме, әлде төл міндетін заңнама шең­берінде орындай алмай тұрған «ала таяқты» кінәлі бола ма?

 

Мақаланың желісіне орай логи­калық тұрғыда өрбіген мұндай ой­дың түбіне нақты өмірді басы­нан өткізіп, ашынып, айтар же­рін күтіп жүрген халық әлі-ақ мысалды молынан ағытары хақ. Ал, біз Алматы облысы бойынша экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қар­сы күрес (қаржы полициясы) де­пар­таментінен алынған нақты фак­тілерді ұсынамыз. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 470-бабын бұзған жүргізушіден заң­нама талабымен іс қағазын тол­тырмау үшін 20 мың теңге кө­ле­мінде пара алған облыстық ІІД Жол полициясы басқармасының қызметкерлері Р.Асанов пен Б.Қа­найбековтер құрықталып, қыл­мыс­тық іс қозғалды. Сондай-ақ, қаржы полициясы мен ішкі іс­тер департаменті қызметкерлері бірлесе көлік құжаттарын қайта жасау үшін 15 мың теңге пара алу барысында Панфилов аудандық жол полициясы емтихан алу және тіркеу бөлімінің бастығы М.Жалдыбаевты ұстап, қылмыстық іс қозғады. Нәтижесінде «бұрынғы» ала таяқты бір жылға бас бостандығынан айы­рылды. Алматы облыстық про­куратурасы Жол полициясы бас­қармасының соңғы екі жылда атқарған жұмысына талдау жа­сағанда «ала таяқтыларды» қыл­мыстық іске, оның ішінде сы­бай­ласқан жемқорлық әрекеті бо­йынша жауапкершілікке тарту жал­ғасып отырғанын анықтаған. Сы­байласқан жемқорлық фак­тісімен 5 жол полициясы қызметкері құрықталған. Осы орайда прокуратура органының заңнаманы бұзбау, келеңсіз фактілерге жол бермеу жайлы құзырлы органға жазған ұсынымы да бар.

Негізі көлік жылдамдығын дөп басып көрсететін құралдарын алып, ауылдан ұзап шығып, төл міндетін орындау жол полиция­сы қызметкерлеріне жат па? Түкпірлердегі ауылдарға олардың баруы сол күннің жаңалығы болып лезде тарайтыны бұрыннан қалыптасқан. Ал күрежолдарда анда-санда «ала таяқтылар» тұрса жүргізушілер жарықтарын лып еткізе жағып-өшіріп бір-біріне белгі бере қоятыны тағы бар. Соның салдары болар «ала таяқтылар»  мәселелері кез келген жерде барлық деңгейде көтеріліп жатады. Ал, олар «халық не демейді…» деп мырс-мырс күліп өз ойларын іске асыра береді.

Жуырда Алматы облыстық экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес (қаржы полициясы) департаменті қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы болды. Сол отырыста баяндамашылардың бірі кәсіпкерлер бірлестігі ассоциациясының Алматы облысы бойынша медиаторы Б.Файзуллин облыстық жол полициясы емтихан алу және тіркеу бөлімінің соңғы уақыттағы жұмысын қатты сынға алды. Сыбайласқан жемқорлықтың исі аңқып тұрған мәселелер жіпке тізіліп, аталған бөлімде арнаулы жасақталған, яғни «сенімді» делдалдар жұмыс істейтіні баса айтылды. Өйткені, ащы ішекше созылған «жасанды» кезекте тұра беруге шыдам керек, қандай да бір құжат үшін ала шапқын болып сарсаңға түскісі келмейтіндер тағы бар. Тізбелей берсеңіз, себеп сағызша созылып шыға береді, шыға береді ғой.

Түпкі мақсат жол-көлік апаты­ның алдын алу, жазатайым бола қалғанда соның салдарынан адам өмірінің қиылуына, түрлі деңгейде жарақат алуларына жол бермеу және азаматтардың табан ет, маңдай тер өтеуімен қол жеткізген көліктерін игіліктеріне мініп, «ала таяқтылардың» қоғамда өз орындарын білуі – бас­ты мақсаты.

Нұрбол ӘЛДІБАЕВ,

«Егемен Қазақстан».

Алматы облысы.