Тағайындау • 02 Шілде, 2019

Президент бірқатар кадрлық өзгеріс жасады

1019 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар кадрлық өзгеріс жасады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Президент бірқатар кадрлық өзгеріс жасады
Мемлекет басшысының Өкімдерімен:

Марат Еркінұлы Дәуешов Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары қызметіне  тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік қызмет және кадр саясаты бөлімінің меңгерушісі  қызметінен босатылды;

Бақытжан Шөмішбайұлы Сариев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік қызмет және кадр саясаты бөлімінің меңгерушісі қызметіне;

Бақытжан Берікбайұлы Темірболат Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің жауапты хатшысы қызметіне тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Жалпы бөлімінің меңгерушісі қызметінен босатылды;

Нұрдәулет Төлеұлы Төлеев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Жалпы бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды.