Экономика • 03 Шілде, 2019

«Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі» Республикалық мемлекеттік мекемесі басқармасының қаулысы

390 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін
«Қазақстан Республикасының  Ұлттық банкі» Республикалық мемлекеттік мекемесі басқармасының қаулысы

2019 жылғы 4 маусым             №94           Алматы қаласы 

«Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының шетел валюталарына ресми бағамын белгілеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 тамыздағы №242 қаулысына өзгерістер енгізу туралы 

«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жыл­ғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының шетел валюталарына қатысты ресми бағамын белгілеу тәртібін жетілдіру мақсатында Қазақ­стан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қазақстан Республикасы ұлт­тық валю­тасының шетел валюталарына ресми бағамын белгілеу қағи­даларын бекіту туралы» Қазақ­стан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 тамыздағы №242 қаулысына (Нор­мативтік құқықтық актілерді мем­лекеттік тіркеу тізілімінде №7977 болып тіркелген, 2012 жылғы 27 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» газетінде № 852-856 (27927) жария­ланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: 

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы ұлттық валю­тасының шетел валюталарына ресми бағамын белгілеу қағидаларында: 

1 және 2-тараулардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын: 

«1-тарау. Қағидаларда пайдаланылатын ұғымдар»;

«2-тарау. Ұлттық валютаның шетел валюталарына ресми бағамын белгілеу»;

3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Ұлттық валютаның АҚШ долларына қатысты Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен сағат 15-30-дағы жағдай бойынша қалыптасқан орташа алынған биржалық бағамы ұлттық валютаның АҚШ долларына қатысты сауда-саттық жүргізілген күннен кейінгі келесі жұмыс күніндегі ресми бағамы ретінде белгіленеді.

4. Қағидаларға қосымшада көрсе­тілген басқа шетел валюталары бо­йынша ұлттық валютаның шетел валютасына бағамын Ұлттық Банк қор биржасында сауда-саттық жүргізілген күні Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен сағат 16-00-дегі жағдай бойынша ақпараттық агенттіктің арналары бойынша алынған сұраныстың баға белгіленімдеріне сәйкес қалыптасқан АҚШ долларына кросс-бағамды пайдалана отырып есептейді және ол келесі жұмыс күніне арналған ресми бағам ретінде белгіленеді.»;

3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«3-тарау. Ұлттық валютаның шетел валюталарына қатысты бағамын белгілеуді қамтамасыз ететін рәсім­дер»;

10 және 11-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«10. Шетел валюталарының ұлттық валютаға ресми бағамдары туралы құжат қол қойылған күні Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен сағат 18.00-ге дейін Ұлттық Банктің бөлімшелеріне, екінші деңгейдегі банктерге және бас­қа да мүд­делі ұйымдарға деректерді ресми байланыс арналары (орталық телетайп, телекс, ақпарат берудің және төлемдер жасаудың халықаралық бан­к­аралық жүйесі (SWIFT)) және электрондық пошта арқылы жіберу жолымен жеткізіледі.

11. Ұлттық валютаның шетел валюталарына ресми бағамдары (шетел валюталарының ұлттық валютаға ресми бағамдары) туралы ақпарат белгіленген күні Нұр-Сұлтан қаласы­ның уақы­тымен сағат 24.00-ге дейін ААЖ-ға енгізіледі.».

2. Монетарлық операциялар­ депар­таменті (Молдабекова Ә.М.) Қазақстан Республикасы­ның заңнамасында бел­гі­ленген тәртіппен:

1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақ­стан Респуб­ликасы­ның Әділет министр­лігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күн­нен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тіл­дерін­де Қазақстан Республикасы Әді­лет министрлігінің «Қазақстан Респуб­ликасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нор­мативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;

3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

4) осы қаулы мемлекеттік тіркелген­нен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2), 3) тар­мақшаларында және 3-тармағында көз­делген іс-шара­лардың орындалуы туралы мәлімет­терді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 Сыртқы коммуникациялар депар­таменті - Ұлттық Банктің баспасөз қыз­меті осы қаулы мемлекеттік тіркел­геннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Е.А.Біртановқа жүктелсін.

5. Осы қаулы ресми жариялануға тиіс және 2019 жылғы 1 шілдеден бас­тап қолданысқа енгізіледі.

Ұлттық Банк Төрағасы Е.ДОСАЕВ


Қаулы Қазақстан Респуб­ликасы­ның Әділет министрлігінде 2019 жылғы 13 маусымдағы Норма­тив­тік құ­қықтық кесімдерді мем­лекеттік тір­кеудің тізіліміне №18837 болып енгізілді.