Қазақстан • 03 Шілде, 2019

Банк ВТБ «Ақ Ниет» бағдарламасы бойынша кәсіпкерлерді қаржыландыруды бастады

405 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Аталмыш банк «Даму» қоры және Шығыс Қазақстан облысы әкімдігімен 200 миллион теңгені құрайтын «Ақ Ниет» субөнім бойынша шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін өңірлік қаржыландыру бағдарламасына қатысу туралы кредиттік келісімге қол қойды. Бұл қаражаттың 100 миллион теңгесін облыс әкімдігі, 100 миллион теңгесін «Даму» қоры беріп отыр.

Банк ВТБ  «Ақ Ниет» бағдарламасы бойынша кәсіпкерлерді қаржыландыруды бастады

Осы бағдарламаның аясында Банк ВТБ (Қазақстан) жылдық 8,5%-ға дейінгі сыйақының атаулы мөлшерлемесімен ШҚО іскерлеріне жеңілдікпен несие беруді бастады.

– Банк ВТБ (Қазақстан) «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қорымен бірігіп, ШОБ секторына маңызды қолдау көрсете отырып, көптеген жобаларды іске асырды.  Біз кезінде Шығыс Қазақстан облысының әкімдігімен және «Даму»  қорымен «2- Ақ Ниет» субөнім бойынша бірге жұмыс жасағанбыз. Ол кезде банк сол өңірдің кәсіпкерлерін қаржыландыруға бөлінген 300 миллион теңгені ойдағыдай игерген. «2-Ақ Ниет» пен «Ақ Ниет» бағдарламаларының айырмашылығы аз, осы екі субөнімінің мақсаты бір – облыс бизнесмендерге қолдау көрсету. Мысалы, «Ақ Ниет» бағдарламасы азық-түлік өнеркәсібін, агрокешенді, туризмді және азық-түліктік емес тауарлары өндірісінің дамуына ерекше көңіл бөледі, яғни бірінші кезекте осы саладағы кәсіпкерлерге басымдық беріледі, – дейді Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ Басқарма Төрағасы Дмитрий Забелло.

ШҚО бизнесмендері болсын, немесе сол өңірде бизнесін дамытуға ниет білдіргендер негізгі қаражатты сатып алуды, яки айналымдағы қаражатты көбейтуді көздеген жағдайда Банк ВТБ-дан 200 миллион теңгеге дейін, яғни ең көп сомада кредит ала алады. Несие мерзімі – 7 жылға дейін, дейді банк өкілдері.



АЛМАТЫ