09 Мамыр, 2013

Қызметтің құпиясы

292 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Қызметтің құпиясы

Бейсенбі, 9 мамыр 2013 2:06

Егер қол астындағы қызметкері аяқ астынан жұмыстан кету жөнінде арызын жазып алып келсе, басшы адам не істеуі керек? Бәлкім, «не үшін, не болып қалды?» деп бір ауыз мән-жайды сұрайтын да шығар. Бірақ, «жұмыстан босаймын» деп шешім қабылдап, біржолата белді бекем буған адам ешқандай бұйрыққа бағынбайтыны анық. Байлап ұстап тұра алмайсыз. Өтінішіне қол қойып беріп, бес күннің ішінде есеп айырысасыз. Қайбір күні Оңтүстік Қазақстан облыстық тәртіптік кеңесінде өткен мәжілісте осы тектес сұраққа бірқатар аудан әкімдері осылай жауап берді.

 

Бейсенбі, 9 мамыр 2013 2:06

Егер қол астындағы қызметкері аяқ астынан жұмыстан кету жөнінде арызын жазып алып келсе, басшы адам не істеуі керек? Бәлкім, «не үшін, не болып қалды?» деп бір ауыз мән-жайды сұрайтын да шығар. Бірақ, «жұмыстан босаймын» деп шешім қабылдап, біржолата белді бекем буған адам ешқандай бұйрыққа бағынбайтыны анық. Байлап ұстап тұра алмайсыз. Өтінішіне қол қойып беріп, бес күннің ішінде есеп айырысасыз. Қайбір күні Оңтүстік Қазақстан облыстық тәртіптік кеңесінде өткен мәжілісте осы тектес сұраққа бірқатар аудан әкімдері осылай жауап берді.

Бірақ, қанша өз еркімен бас тартып, жұмыстан кетуге өздері өтініш берді десек те, бұларды осылай істеуге бір жағдай мәжбүрлеген секілді. Әйтеуір, осында бір гәп бар. Отырар ауданы, Балтакөл ауыл округінің әкімі, Созақ ауданы, Қаратау ауыл округінің әкімі, Түркістан қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімінің бастығы, Шымкент қаласы, әл-Фараби ауданы бойынша мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының жетекші маманы… Барлығы да үстерінен қылмыстық іс қозғалып жатқан кезде арыздарын жазып, қызметтерінен босап кеткен. Арада бірнеше уақыт өткеннен кейін барып, барлығы сотты болып, шартты жаза алған.

Бұл қызметкерлер жұмыстан босауға неге соншалықты асықты? Әлде алдын-ала өз еркімен босап кетсе, жазасы жеңілдейді ме? Тіпті, Мәжілісте «бұлар мемлекеттік қызметтен күні бұрын кетіп қалғандықтан сотталғаны туралы мәліметтер прокуратураның арнайы есебіне тіркелмейді, уақыт өте келе қайтадан мемлекеттік қызметке оралуға болады» деген де пікірлер айтылды. Бірақ, прокуратура өкілдері «кез келген қылмыстық іс есепке тіркеледі» деп, ол пікірді жоққа шығарды. «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының 28-бабының 1-тармағында мемлекеттік қызметшінің теріс себептермен жұмыстан босатуға әкеп соғатын тәртіптік теріс қылық жасаған адамдарды өз еркімен жұмыстан босатқаны үшін мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жазалар қолданылу мүмкіндігі берілген.

Бірақ тәртіптік жаза теріс қылық анықталған күннен бастап бір ай ішінде қолданылады, алты айдан кейін қолданыла алмайды дейді бұл жөнінде Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша басқармасының бастығы Берік Бекжанов. Осы мәселе бойынша екі ауданның әкімі тәртіптік кеңес мүшелері алдында есеп берді.

Ал, керісінше Сарыағаш аудандық мәслихатының қыз­­меткері Е.Мах­мудовтың қыз­метке тұруы бір қы­зық. ҚР Мемлекеттік қызмет істері агент­тігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша басқармасы аудан­дық мәслихатқа хат жазып, кадр резервіндегі екі адамды ұсынған. Сол хат Сарыағашқа жеткенше жол-жөнекей тізімге үшінші адам, яғ­ни, Махмудов қосылып кетеді. Кім қосты, қа­лай қосылды, ешкім білмейді. Со­нымен, ол мәслихатқа жұмысқа қабылданған. Ал, Махмудов бұған дейін кадр резервінде тұрды ма? «Отырар ауданы аппаратынан конкурс арқылы тұрдым» дейді өзі.  Кейінірек түсініктеме алу барысында ол ауданнан Махмудовтың еш­қандай конкурс арқылы резервке қабылданбағаны мәлім болған. Сонда аудандық мәслихат пен Мемлекеттік қызмет істері басқармасының арасында мысық-тышқан ойнап отырған кім?

Сонымен, Оңтүстікте қызметтен кетудің де, тұрудың да құпиясы көп болып тұр.

Оралхан ДӘУІТ,

«Егемен Қазақстан».

Оңтүстік Қазақстан облысы.