Аймақтар • 04 Шілде, 2019

Аудан тұрғындарының өмір сүру деңгейін көтеру - абыройлы іс

248 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қала аудандарының әлеуметтік-экономикалық жағдайларымен танысу барысында Наурызбай ауданына да ат басын бұрды.

Аудан тұрғындарының өмір сүру деңгейін көтеру - абыройлы іс

Әкімшілік орталықта болып, ауданды дамытудың болашақ жоспарымен және негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштермен танысқан қала басшысы Халыққа қызмет орталығына келген жұртшылықпен мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру мәселесін талқылады.

Осы сапары барысында Алматы әкімі Шұғыла мөлтек ауданында салынып жатқан тұрғын үй кешенін аралап көрді, деп хабарлайды қаланың Баспасөз қызметінен. Аулаларды аралап,  тұрғындармен тілдескен әкім алдағы болатын аппарат отырысында мөлтек ауданды абаттандыру мәселесінің қаралатынын атап өтті.

Бақытжан Сағынтаевтың айтуынша, нақтылы жоспар әзірлеп, жауаптыларды белгіленетін болады. Олардың телефондары мен аты-жөндері жазылған тақтайшаларды іліп, сол арқылы тұрғындар кімнің қай учаскеге тікелей жауапты екенін білетін болады. «Ақсай» фильтр стансасының да жұмысымен танысқан қала басшысы  мұнда ол сумен қамтудың ағымдағы жағдайы мен жоспары туралы есепті тыңдады. Таусамалы, Ақжар, Құрамыс мөлтек аудандарында су тасымалын ұлғайтуды тапсырды.

Жаңа құрылған аудандағы жұмысты жақсарту үшін қала стандартының дамуы бағытындағы жұмыстардың күшейтілетіндігін жеткізген қала басшысы аудан әкімі С.Тоғайға бүгін берілген тапсырмалардың орындау барысын күнделікті тексеруді және жұмыс жүріп жатқан учаскелерде үнемі болуды тапсырды. Қала әкімі сонымен қатар Абай даңғылы бойын Яссауи көшесінен қала шекарасына дейін үңгілеу жұмысының және Әшімов көшесінің қиылысына салынып жатқан жолайрығы құрылысының барысымен де танысты.


АЛМАТЫ