Аймақтар • 04 Шілде, 2019

Нұр-Сұлтанда заманауи халықаралық өнер көрмесі ашылды

258 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін елордада Astana Art Show-2019 аясында «Racing the Galaxy» заманауи өнер көрмесінің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Іс-шараға 15 елдің 20 суретшісі қатысады. Бұл туралы қала әкімдігінің сайты хабарлады.

Нұр-Сұлтанда заманауи халықаралық өнер көрмесі ашылды

Суретшілердің бірегей жұмыстары Тәуелсіздік Сарайында, Бейбітшілік және келісім сарайында жұртшылыққа ұсынылады, бірнеше арт-нысан Нұр-Сұлтан қаласының кеңістігін безендіреді. 

«Racing the Galaxy» халықаралық көрмесінде Микеланджело Пистолетто (Италия), Леандро Эрлих (Аргентина), Joel Andrianomearisoa (Мадагаскар о.),: mentalKLINIK (Түркия), Асхат Ахмедияров (Қазақстан) және тағы басқа танымал қазақстандық және шетелдік суретшілердің туындылары ұсынылады. Жоба жетекшілері ARTIOS және TSE Art Destination негізін қалаушы Дина Байтасова мен әлемге танымал француз кураторы және халықаралық арт-директоры Жером Санс сөз сөйледі. 

ASTANA ART SHOW – бұл керемет оқиға негізінде жиналатын барлық суретшіге тән номадизм мен еркіндік рухы. 

ASTANA ART SHOW 2019 тек көркем экспозицияларды ғана емес тегін білім беру бағдарламасын да қамтиды: шеберлік сыныптары, воркшоптар, көпшілік лекциялар, отбасылық сапар және т.б.