04 Шілде, 2019

Қостанай облысында фронт-кеңсе көмегіне жүгінгендер жұмысқа қабылданды

461 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жанкелдин ауданы Полиция бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Талғат Сәбитұлы фронт-кеңседе азаматтарды қабылдады. Бұл туралы аудандық «Біздің Торғай» газеті хабарлады.

Қостанай облысында фронт-кеңсе көмегіне жүгінгендер жұмысқа қабылданды

Фронт-кеңсеге үш ауыл тұрғыны келіп, жұмыссыздық мәселесі бойынша жүгінген болатын. Тәртіп сақшылары азаматтардың кәсіп табуына көмектесті.
         Атап айтсақ, аудан тұрғыны Данияр Мұхамеджанов полиция бастығына біраз уақыттан бері жұмыссыз жүргенін жеткізеді. Мұхамеджановтың мәселесін мұқият тыңдап, оның жеке мәліметтерін қарай келе бөлімнің аула тазалаушы ретінде жұмысқа алады. Аудандық Жұмыспен қамту орталығы мен әкімдікке хабарласып, Данияр Мұхамеджанов 1 шілдеден бастап аула тазалаушы ретінде жұмысқа қабылдау сұрақтары шешілді.
         Тағы бір аудан тұрғыны Бекболат Әкімжан фронт-кеңсе туралы Жанкелдин ауданы Полиция бөлімінің Instagram парақшасынан оқып, жұмыс сұрай келген. Бекболаттың құжаттарымен және жұмыс өтілімен таныса келе оны Полиция бөлімнің Әкімшілік полиция бөлімшесінің көші-қон қызметі тобының инспекторы лауазымына тағайындау үшін құжаттары қабылданды.
         Сонымен қатар аудан тұрғыны Әби Ерубаев есімді азамат та жұмыссыздық мәселесімен жүгінген. Ол ҚР Қарулы күштер қатарында борышын өтеген, заңгер мамандығы бойынша жоғары білімі бар. Полиция бөлімінің бастығына өмірбаянын баяндап, қажетті құжаттарды көрсетті. Талғат Сәбитұлы Полиция бөлімі бастығының кадр саясаты жөніндегі орынбасары, полиция капитаны Алмас Мұқатовқа Ә.Ерубаевтың құжаттарын зерделеп, Қостанай облыстық Полиция департаменті жариялайтын келесі конкурсқа құжаттарды жолдау керектігін айтты. Сондай-ақ ҚР ІІМ жұмысқа қабылдау тәртіптері мен талаптарын түсіндіріп, кең көлемде ақпарат берілді.