Жазықты полицейлер жазаланды
Сейсенбі, 21 мамыр 2013 1:45
Өткен жылдың қазан айында Маңғыстау облысы Бейнеу аудандық ІІБ мен Бейнеу стансасының Желілік полиция бөлімшесінің қызметкерлері «Қылмысты іздестіру қызметі» төл мерекесіне орай мейрамханаға жиналып, отырыс ұйымдастырады. Сонда Бейнеу аудандық ІІБ бастығы А.Боранов бөлімше қызметкері Абдрахман Шаленовті мейрамхана алдында ұрып-соққан. А.Шаленов алған соққылардан есіне келместен, Бейнеу аудандық орталық ауруханасында қайтыс болған. Осыған орай жақында Ақтау қалалық сотында қолы қанды А.Борановқа және оның сыбайласы, Бейнеу аудандық ІІБ уақытша ұстау абақтысының полицейі А.Қуанышбековке қатысты үкім оқылды.

Қызметтің буына масайып, өз қарамағындағылардың қызметіне емес, тағдырына да қожамын дегендей қаныпезерлікпен арыстай азаматтың өмірін қиған жұдырығы жуан «бастық» 8 жылға, бастығының қолшоқпарына айналамын деп жүріп жақсы мен жаманды айырудан қалған А.Қуанышбеков 2 жылға бас бостандығынан айырылды. Олар жазаларын түзеу колониясының жалпы режімінде өтемек. Сондай-ақ, қайтыс болған азаматтың отбасына сотталушылардың алғашқысынан 3 млн. теңге, соңғысынан 500 мың теңге моральдық залал өндірілген.
Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан».
Маңғыстау облысы.