01 Маусым, 2013

Оңдағанов оңбады

381 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Оңдағанов оңбады

Сенбі, 1 маусым 2013 2:13

Құқық қорғау органдары Ба­тыс Қазақстан облысының ту­ризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының бұ­рын­ғы бастығы Мүсілім Оң­да­ға­нов­тың үстінен 40 қыл­мыс­тық іс қозғап отыр. Бұл тура­лы Tengrinews агенттігі ха­бар­ла­ды. Бұған оның әріптес-сы­бай­лас­тары – допты хоккейден Қа­зақ­стан құрамасының аға жат­тық­­­тырушысы болған Марат Ман­­­губаев пен олимпиялық резерв орталығының директоры Қоныс Жетпісовтің де қатысы бар екен.

Қазір осыған байланысты бір мезгілде қатарласа тексеріліп жатқан нысандардың саны оннан асып кетті. Олардың тізі­мін­де аймақтың туризм, дене шы­­­­нықтыру және спорт бас­қар­­масы, сондай-ақ спорт мектептері бар. Дереккөздердің айтуларына қарағанда, спорт мектептерінің басшылары, жат­­­­тықтырушылар мен спортшылар қазір осы та­қы­рыпқа қатысты «барынша қызықты жауаптар» беріп жат­қан көрінеді. Ал таяу күндері бұ­рынғы спорт шенеунігі құрған ұйымдасқан қылмыстық топтың басқа да мү­шелері қамауға алынатын сияқты.
Еске сала кетейік, үстіміздегі жылғы 27 сәуір күні Орал қала­лық соты Мүсілім Оңдағановты бюджет қаржысын ұрлады деген күдікпен екі айға қамауға санкция берген. Сосын соның алдында қамалған оның бұрынғы қызметкерлері Жетпісов пен Мангубаевтан тап осы қылмысқа байланысты жауап алынып жатқаны белгілі болды. Оларға Қылмыстық кодекстің «сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иеленiп алу немесе ысырап ету» бабы бойынша айып тағылған еді.
Қазір осындай 40 дерек бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр.
Құрыш НҰРЫМБЕТ.