Президент • 06 Шілде, 2019

Президент қазақстандықтарды Елорда күнімен құттықтады

426 реткөрсетілді

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Елорда күнімен құттықтады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.


Қазақстан Республикасының Президенті  Қасым-Жомарт Тоқаевтың Елорда күнімен құттықтауы

Құрметті отандастар!

Қадірлі елорда тұрғындары!

Елордамыз – Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстанның жарқын жетістіктерін айшықтайды.

Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың астананы көшіру туралы бірегей шешімі халқымыз үшін аса маңызды тарихи оқиға болды.

Елбасының ерік-жігері мен теңдессіз ерлігінің арқасында Еуразия кіндігінде ірі саяси, экономикалық, мәдени және білім орталығы пайда болды. Бұл қадам даму, өркендеу және жасампаздық жолында Қазақстанға тың серпін берді.

Нұр-Сұлтан қаласы осындай қысқа мерзім ішінде Еуразия төріндегі ғажайып мекенге айналды.

Сәулеті айрықша ғимараттар мен елордамыздың заманауи келбетіне әлем жұртшылығы тәнті болды.

Қаламызда жаһандық мәні зор саяси шаралар өтуде. ТМД, ШЫҰ, ЕАЭО, ЕҚЫҰ, ИЫҰ саммиттері, ЭКСПО-2017 көрмесі, Азия ойындары, Астана бітімгершілік үдерісі – осының барлығы Қазақстанның бас қаласының абыройын арттырды.

Елорданың өркендеуі – Елбасының және барша Қазақстан халқының еңбегі. Еліміздің барлық өңірі Нұр-Сұлтан қаласының өркендеуіне үлес қосты. Бүгінде бас қаламыз барша жұртымыздың ынтымақ-бірлігінің символына айналды.

Елорда – еліміздің жүрегі. Мемлекетіміздің жарқын болашағына жол ашатын тағдырлы шешімдер осы жерде қабылданады.

Қазақстан Республикасының Президенті ретінде қаламыздың бой көтеруіне және қалыптасуына үлес қосқан еліміздің әрбір азаматына ризашылық білдіремін.

Баршаңызды Елорда күнімен құттықтаймын!

Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындарына және барша халқымызға бақ-береке, зор денсаулық, амандық тілеймін!



Баннер
Соңғы жаңалықтар

Импорттан не ұттық?

Экономика • Кеше

Лисаковтың «Бәйтерегі»

Аймақтар • 20 Қыркүйек, 2019

Гобелен – текті өнердің туындысы

Руханият • 20 Қыркүйек, 2019

«Мәдени қабат» жойылған жоқ

Қоғам • 20 Қыркүйек, 2019

Шахмардан тербелген талбесік

Руханият • 20 Қыркүйек, 2019

«Жоғалмайсың, жоқтаушы халқың барда...»

Руханият • 20 Қыркүйек, 2019

Аймақтың экспорттық мүмкіндігі артуда

Аймақтар • 20 Қыркүйек, 2019

Көк айдында көршілер жаттығуда

Аймақтар • 20 Қыркүйек, 2019

Банктер артық ақшаны жасырып отыр ма?

Экономика • 20 Қыркүйек, 2019

Бұқара қамын ойлаған басшы

Қоғам • 20 Қыркүйек, 2019

Оқу мәдениеті

Қоғам • 20 Қыркүйек, 2019

Өзбек туризмі ояна бастады

Қоғам • 20 Қыркүйек, 2019

Алаштың айбоз абызы

Руханият • 20 Қыркүйек, 2019

Сотты жетілдіру мәселесі талқыланды

Парламент • 20 Қыркүйек, 2019

Қазақстан – Қытай: жаңа кезең

Саясат • 20 Қыркүйек, 2019

Қыста қысылмаймыз ба?

Қоғам • 20 Қыркүйек, 2019

Несие аз, жабылған кәсіпорындар көп

Экономика • 20 Қыркүйек, 2019

Халық пікіріне құрмет

Саясат • 20 Қыркүйек, 2019

Әңгіме өзегі – әдебиеттің ертеңі

Руханият • 20 Қыркүйек, 2019

Ұқсас жаңалықтар