11 Маусым, 2013

Әбіләзовтің соңғы оффшоры

278 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Әбіләзовтің соңғы оффшоры

Сейсенбі, 11 маусым 2013 2:32

Лондон Жоғарғы сотынан кейін қазақстандық олигарх Мұхтар Әбіләзовтің ісі Ирландияда да мықтап қолға алына бастады.

Қазір Еуропада қашқын банкирдің ісі бойынша сот тергеулері жүріп жатыр. Осы тұстан бастап оның халықаралық деңгейге жеткізген алаяқтық сызбасының қитұрқысын зерттеуге ирланд билігі де қосылды. Бұдан бірер күн бұрын мұнда Қазақстанның БТА банкінен заң­сыз жолмен активтерді офф­шор­лық аймаққа алып кету үшін ашылған бірқатар компа­ния­лардың іс-әрекеттері тексе­рілетіні белгілі болды. Осы алаяқ­тықтың басты ұйым­дас­ты­рушысы ретінде Латвия­ның бір топ азаматтары қарас­тырылды.

Сейсенбі, 11 маусым 2013 2:32

Лондон Жоғарғы сотынан кейін қазақстандық олигарх Мұхтар Әбіләзовтің ісі Ирландияда да мықтап қолға алына бастады.

Қазір Еуропада қашқын банкирдің ісі бойынша сот тергеулері жүріп жатыр. Осы тұстан бастап оның халықаралық деңгейге жеткізген алаяқтық сызбасының қитұрқысын зерттеуге ирланд билігі де қосылды. Бұдан бірер күн бұрын мұнда Қазақстанның БТА банкінен заң­сыз жолмен активтерді офф­шор­лық аймаққа алып кету үшін ашылған бірқатар компа­ния­лардың іс-әрекеттері тексе­рілетіні белгілі болды. Осы алаяқ­тықтың басты ұйым­дас­ты­рушысы ретінде Латвия­ның бір топ азаматтары қарас­тырылды. Мұндағы басты сұрақ ұрланған қаржылар қайда кетті, дегенге саяды.

Қазіргі таңда терроризммен күрес пен әлемдік дағдарыс қаржы қозғалысын реттеу схемасының нағыз бұрылысты нүктесіне айналып отыр. Осыған байланысты бұрын барынша құпия да жұмбақ болып келген оффшорлық аймақтардағы ақша айналымы жөніндегі деректер судың бетіне қалқып шығып жатыр. Ол енді тылсымның сыры болудан қалды. Себебі, әуелде лаңкестік мақсаттарға жаратылып келген мұндай шоттарды жасырып қала беруге банкирлердің де жүрегі дауалай бермейді. Сөйтіп, қашқандар мен пысқандар үшін талай жыл «қаржы жұмағы» болып келген оффшорлар өз бетперделерін сыпырып тастауға мәжбүр болуда. Сол тізімдегі ең соңғы бекініс – Кипрдегі банктердің де жасыратын ештеңесі қалмады. Мұнда, әсіресе, осы банктердің өзі банкроттық халге жеткеннен кейін шегінер жері таусылды. Соның толқынында Мұхтар Әбіләзовтің жымдап жасырған ақшалары да ақ айдынның жүзіне андағайлап шыға келді.
Құпиялылықты сақтау жө­нінен әу бастан әлемдегі ең бе­рік саналып келген Швейцария банк­терінің өзі алаяқтардың сызбаларынан зардап шеге бастағаны анықталды. Содан кейін олар да қазір шетелдік азаматтардың құпиясын тас құлыптың астына салып отыруды мүлдем қойды. Осымен бірге, Әбіләзов секілді алаяқтардың қаржы қазанындағы соңғы қорғаныс қамалдарының тас-талқаны шықты. Бұл тұрғыда Швейцария тіпті ілгері кетті. Онда таяуда «Салық мәселелеріндегі халықаралық көмек туралы» деп аталатын жаңа заң күшіне енді.
Міне, осылардың арқасында Мұхтар Әбіләзовтің Еуропадағы шырмауықтай ширатылған алаяқ­тық торындағы ақшалар анық­талып қалды. Балықшының ауын­дай бір шеті сетінеп жыр­­­­тыл­ған бұл жүйенің тақырға отыра­тын күні енді тым қашық емес.
Мұрат АЙТҚОЖА.