01 Қаңтар, 2013

Аяулы менің ауылым!..

748 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Аяулы менің ауылым!..

Сейсенбі, 1 қаңтар 2013 8:29

Менің бүкіл өмірім ауылда өтіп келеді. Жоғары оқу орнын бітірген соң, Меңдіғара ауданының «Харьков» кеңшарына агроном болып келген едім. Осы ауыл менің тағдырыма айналды. Еңбек етсең Жер-ана берерін аямайды. Сол үшін жерді тек қана күту, аялау керек. Дегенмен, Қазақ­­станның солтүстік өңіріндегі шөл-шөлейтті аймақтағы егін шаруашылығы суармалы емес, ол көктен тамған тамшыға тәуелді. Өткен жылы отыз жылда бір рет қайталанған қуаңшылық болды. Көктем-жаз бойы жаңбыр жаумай, диқанның еткен еңбегі еш кетті. Ылғал сақтау технологиясының арқасында шалғыға ілінерлік қана бидай өсірдік.

Келген Жаңа жылдан үмітім көп. Алдымен табиғат-ананың жомарттығын тілеймін. Жердің апшысын қуырған құрғақшылық жыл сайын қайталануға тиіс емес. Биыл қыс қатты басталды. Қар қалың жауды. Қыс аяғына дейін тағы да қар жауса, көктем жаңбырлы болса, жыл да жаман болмайды. Ылғал мол болған жылы шөп те жақсы шығады, мал қоңды болады. Соңғы жылдары облыста мал шаруашылығы жедел дами бастады. Инновациялық-инвестициялық жобалар жүзеге асып жатыр. Сондықтан ауылдағы ағайын алдымен жылдың шаруаға қолайлы болуын тілейді.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы өткен жыл­­­дың басты оқиғасы болды. Ауыл ша­руашылығын дамытпай экономика да өрге баспайды. Ауылдың болашағын бүгіннен ойламасақ болмайды. Жаңа қадам басқан жыл ауылды көркейтуге, оның әлеуметтік мәселелерін азайтуға бетбұрыс жасаса екен деп тілеймін. Қазақ үшін ауыл тек астық пен ет емес, ауыл – халқымыздың, ұлтымыздың тамыры. Ауыл толыққанды өмір сүруі қажет. Жас мамандар тұрақтап қалғанда ғана ауыл өседі, өркендейді. Жаңа жылда ауылға бағытталған бағдарламалар көбейсін!

Сайран БҰҚАНОВ,

«Каркен» жауапкершілігі шектеулі

серіктестігінің директоры,

Қазақстанның Еңбек Ері.

Қостанай облысы,

Меңдіғара ауданы,

Харьков ауылы.