Аймақтар • 08 Шілде, 2019

Бос қалған «ҚазТрансОйл» АҚ-тың алып ғимараты «Инвесторлар үйі» аталды

653 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Енді облыс орталығындағы түрлі мемлекеттік мекемелер, қаржылық институттар мен қоғамдық ұйымдар орналасқан бұл үй «Кәсіпкерлікке арналған Үкімет» принципі бойынша қызмет көрсетеді.

Бос қалған «ҚазТрансОйл» АҚ-тың алып  ғимараты «Инвесторлар үйі» аталды

Суретті түсірген: Валерий Бугаев

Кез келген кәсіпкер мен инвестор үшін қызмет көрсететін кеңсе ашылды. Олар осы жерде өз жобаларын ұсынып, оларды талқылай алады

«Инвесторлар үйінің» ашылуына облыс әкімі Болат Бақауов пен бизнес өкілдері қатысты.

Ашылу рәсімі  барысында билік пен бизнес арасындағы өзара әріптестік қарым-қатынас жөнінде 3 меморандумға қол қойылды.

Ал, екі жылы бұрын біздің өңірден кеткен «ҚазТрансОйл» АҚ тың алып  ғимаратын «Самұрық қазына» АҚ пен келісімге келіп, ақысын 10 жылға бөліп төлейтіндей етіп облыстық әкімдік сатып алған көрінеді.

Инвесторлар үйінде әр инвестор жобаның толық сүйемелдеуін, аймақтағы шағын және орта бизнесті дамытуға қолдау көрсететін қаржылық және консалтингтік мекемелердің барлық қызметтер кешенін пайдалана алады. Бір терезе қағидаты бойынша кәсіпкерлерге қызмет көрсету үшін үлкен операциялық зал орналастырылған.

Жергілікті өндірушілер өнімдерінен көрме ұйымдастырылды. Қазіргі таңда Инвесторлар үйінде «ҚазАгроҚаржы» АҚ, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, «Павлодар» «леуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ орналқан.

Сонымен қатар, қаланың мемлекеттік органдары мен мекемелерінің банктік қызмет саласындағы ұйымдардың өкілдері мен өзге де мекемелер қызмет жасауда.