Экономика • 09 Шілде, 2019

Қалдықтарды өңдейтін кәсіпорындар көбейді

577 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстанда тұрмыстық қалдықтарды сұрыптап, қайта өңдейтін кәсіпорындар көбейіп келеді. Бұл туралы «Green Energy & Waste Recycling Forum – GEWR'19» қалдықтарды басқару және жаңғырмалы энергияға арналған IV-ші Еуразиялық бизнес-форумында айтылды.

Қалдықтарды өңдейтін кәсіпорындар көбейді

Форумға қатысқан Экология, геология және табиғи ресурс­тар министрлігінің жауапты хат­шысы Сәбит Нұрлыбай қал­дықтарды қайта өңдеуді дамыту арқылы елдегі балама энергетиканы ілгерілетуге жол ашылатынын жеткізді.

– Қалдықтарды өңдеу саласы айналымды экономиканың өркендеуіне, парник газының көлемін қысқартуға, сондай-ақ балама қуат өндірісін арттыруға сеп­теседі. Кеңейтілген міндет­тер­дің арқасында шағын және орта бизнесте қалдықтарды өң­деп, сұрыптайтын өндіріс орындары көбейді. Мәселен, 2016 жы­лы олардың саны 115 болса, 2018 жылы 150-ге жетті, – деген С­әбит Нұрлыбай бұл бағыттағы ілкім­ді істерді министрлік әрдайым қолдауға әзір екенін байқатты.   

«KazWaste» қазақстандық қал­дықтарды басқару қауым­дастығы, тұрмыстық қалдық­тарды кәдеге жарату мен қайта өңдеуді негізгі үрдіске айналдыру үшін ел тұрғындарының қат­ты қоқысты жинау мәдениетін жолға қою қажет деп есептейді. Сол секілді аталған саладағы өңдеу процесін жетілдіріп, жаңа технологияларды енгізу кезек күттірмейтін мәселенің бірі екенін айтады.   

– Келешекте қалдықты бас­қару ісі әлемдік қауымдастық жария­лаған жаңа қағида – 3D мо­деліне сәйкес болуы тиіс. Яғни, басқару үрдісін қайта қарас­тыруға тура келеді. Соған сәй­­кес, қалдықты жинауда әр үйді, әр тұрғынды қамту қажет. На­рықтық реттеу ісін қарас­тырған абзал. Парник га­зын шығаруды азайтудың ама­лын ойластырған жөн. Оның ішінде органикалық қал­дықтан метанның көлемін қыс­­қар­тып, төмен көміртекті тех­но­ло­гия­ларға басымдық беру керек. Цифрлы технология­ны енгізу бойынша арнайы көлік­терге GPS жүйесін және контейнерлерге чип орнату, өндірісті автономды режімге көшіру, ақылды логистика (Smart logistic), қалдықтардың интерактивті карта жүйесі мен тұрғындарға арналған ұялы қосымшаларды әзірлеу міндеті тұр, – дейді қауымдастықтың атқарушы директоры Вера Мустафина. 

Форум барысында халық­ара­лық әрі қазақстандық сарапшы­лар жаһандық экологияға қа­тыс­ты өзекті мәселелерді тал­қы­л­ап, «жасыл» энергетикаға ин­вес­т­и­ция тартудың жолдарын пысықтады. 


Жақсылық МҰРАТҚАЛИ,
«Egemen Qazaqstan»