09 Қаңтар, 2013

Транзиттік тасымал өңірді өркендетеді

346 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Транзиттік тасымал өңірді өркендетеді

Сәрсенбі, 9 қаңтар 2013 7:36

Маңғыстауда Елбасы Н.Назар­баев­­тың «Қазақстан-2050» Стра­те­гия­сы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауын талқылау облыс әкімдігінен бастау алды.
«Елімізді дамытудың 2030 жыл­ға дейінгі бағдарламасын дер ке­зінде қабылдау біздің еліміз үшін маңызды оқиға болды. Елбасы мем­лекеттің, қоғамның және эко­но­миканың қазақстандық үлгісін анық­тап берді. Біз бүгін аталмыш стратегиялық бағдарламаның көп межелер бойынша мезгілінен бұрын іске асырылғандығына куә болып отырмыз», деген облыс әкі­мі Б.Мұхаметжанов облыстың эко­номикалық-әлеуметтік даму ахуалына тоқталып, мемлекетіміздің 2050 жылға дейінгі даму бағытын бағамдап, экономикасы мен жалпыға ортақ еңбек мүмкіндіктері дамыған зайырлы қоғам құруды мақсат еткен жаңа бағдарлама жайлы баяндады.

Қазақстан – бір ағза секілді бір­тұтас ел болғандықтан, оның әр бұрышындағы ахуалдың күллі ел үшін маңызы зор. Сондықтан, Жол­дауда айтылған әрбір тапсырма, міндет, тіпті сын-қатерге дейін жұрт болып жұмыла жұмыстанатын жайттер. Әйтсе де, 10 сын-қатердің бірі – су тапшылығы Маңғыстау об­лы­сындағы ең өзекті мәселенің бірі. Аймақта бұл бағытта жүргізіліп жатқан жұмыстар Жолдау аясында арнасын кеңейтіп, өз жалғасын таба бермек. Шетелдерден қоныс аударған ағайындар есебінен тұр­ғындар саны күрт өсіп келе жат­қан облыста, әсіресе, көлік ин­фра­құ­ры­лымы дамуда. Бағзыдан тоғыз жол­дың торабы ретінде танымал өңір­де, бүгінгі заман талабына сай, тәуел­сіз Қазақстанның экономикасы­на қызмет ететін құрлық және те­ңіз жолдары қатынастары жолға қойылуда. «Өзен-Түркіменстанмен мемлекеттік шекара» темір жолы құрылысы аяқталып, «Жезқазған-Бейнеу» темір жол құрылысының басталуы, «Атырау-Ақтау» автомобиль жолы қайта жаңғыртыла бастауы, сондай-ақ Құрық теңіз портын балама дамыту және «Кен­дір­лі» туристік курортты аймағын құру, Ақтау халықаралық теңіз-сау­да порты, Баутин және Сартас теңіз операцияларын қолдау базасы, Құрық паромдық кешені жобаларының қолға алынуы мұнайлы Маңғыстау даласының инфрақұрылымдық жұмыстар ала­ңы­на айналғандығының айғағы.
Облыс әкімі аймақта Жолдаудан туындайтын және таяу болашақта жүзеге асырылатын 2013 жылғы жұмыс жоспарларының өзектілігін арттыру, бюджеттің басымдылығын қайта қарау, инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруды жеделдету, геологиялық барлау жұмыстарын жандандыру, балама энергия түрлері өндірісін дамыту, аймаққа инвестиция тарту, агроөнеркәсіпті кешенді дамыту, мемлекеттік және салалық бағдарламалардың тиімді жүзеге асырылуы секілді бірқатар міндеттерді атап көрсетті.
Жолдауда «Жаһандық инфра­құ­ры­лым­дық интеграция» және тран­зиттік әлеует­ті дамыту қа­жет­тігі айтылды. Бұл – қарт Каспий жағасындағы аймақтағы ат­­қарылатын жұмыстар маңыздылығын арт­тыра түсті. Елімізде Алматы, Ақтөбе, Шым­кент, Тасқала-Озинки, Қорғас сынды көлік-логистикалық орталықтар құру жо­басы жүзеге асы­рылып жатқаны бел­гілі. Қор­ғас халықаралық шекара ын­ты­­мақтастығы орталығы, Достық шекара темір жол стансасы және Ақтау ха­лықаралық теңіз-сауда порты кіретін көлік хабын құру – Ақтау арқылы Оңтүстік-Шығыс Азия мен Қытайдан транзиттік тасымалдарды дамытуға жол ашады.
Жиында сөз алған облыс әкімі жанындағы ардагерлер кеңесінің төрағасы Ө.Озғанбаев, Ақтау халықаралық теңіз-сауда порты РМК директоры Б.Уандықов Жолдаудың Маңғыстауда жасалып жатқан жұмыстарға тың серпін беретіндігін айтты.
Жолдауды талқылау жиындары аудан, қалалар мен оқу орындарында жалғасуда.
Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан».
Маңғыстау.